Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Қызылордада полицейлер ұрланған жылқыларды иесіне қайтарды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мал ұрлығы мәселесі қашан да өзекті. Мал иесінің қамсыздығын пайдаланған ұрылар талай түлікті өрістен алып кетіп жатыр.

Қызылордада полицейлер ұрланған жылқыларды иесіне қайтарды

Өз кезегінде ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полицейлер мал ұрлығы қылмысын болдырмау, алдын алу жолында  жедел-қызметтік жұмысының тиімділігін арттыруда.

Мәселен, қызылордалық полицейлердің жедел әрекеттерінің нәтижесінде тәулік ішінде облыс тұрғынына ұрланған 4 жылқысы қайтарылды.      

12 тамыз күні Қазалы ауданының 46 жастағы тұрғыны жайылымнан  4 жылқысының ұрланғандығы туралы полицияға арыз берді.

Дереу іздеу жұмыстарына кіріскен полицейлер көп ұзамай барымташыны қолға түсірді.

Қазіргі уақытта ұсталған күдікті азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Бүгінде еліміздің барлық аумағында кең етек алып отырған мал ұрлығы қылмыстарының тіркелуі облыс  бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда 37,4 пайызға, яғни 230-дан 144-ке төмендеді. Мал ұрлығымен айналысқан жалпы 67 адамнан, оның ішінде 13 қылмыстық топ құрықталып, сол топтармен жасалған 43 эпизод құрайтын қылмыстары әшкереленді, дейді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров.