«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезіне бірнеше жыл қатарынан қатысып келемін. Әр қатысқан сайын, жігерленіп, болашаққа деген сенімім нығайып қайтады. Бұл жолғы съезде партия үшін, ең бастысы – халық үшін бірнеше жарқын оқиға болды. Атап айтсам, партия атауының ықшамдалуы, Саяси доктринаның қабылдануы, партияның жаңа эмблемасының бекітілуі, алдағы онжылдықтағы міндеттер, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі партияның 15 жылдағы тірлігінің өскенін, осы уақытқа дейінгі өз міндетін мүлтіксіз атқарғандығын білдірсе керек.
«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезіне бірнеше жыл қатарынан қатысып келемін. Әр қатысқан сайын, жігерленіп, болашаққа деген сенімім нығайып қайтады. Бұл жолғы съезде партия үшін, ең бастысы – халық үшін бірнеше жарқын оқиға болды. Атап айтсам, партия атауының ықшамдалуы, Саяси доктринаның қабылдануы, партияның жаңа эмблемасының бекітілуі, алдағы онжылдықтағы міндеттер, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі партияның 15 жылдағы тірлігінің өскенін, осы уақытқа дейінгі өз міндетін мүлтіксіз атқарғандығын білдірсе керек.
«Нұр Отан» – халық сеніміне ие болған еліміздегі ең үлкен саяси күш. Оны аталған партияның осыған дейінгі барлық атқарған жұмыстары мен жеткен жетістігі айқындап келеді. «Нұр Отан» туралы сөз еткенде, көпшілік оны билік партиясы дейді. Шын мәнінде, олай емес. «Нұр Отан» – басқарушы партия. Соңғы сайлауда мол сенім артып, дауыс берген халық «Нұр Отанның» басқарушы партия атануына ықпал етті. Бүгінгі таңда партияның 900 мыңнан астам мүшесі бар. Сондықтан «Нұр Отанның» негізгі міндеті – азаматтардың мүддесін қорғап, халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналу. Міне, аталған партияның бастамасымен тағы да бір келешектің ұлы жоспары әзірленіп, съезде қабылданды. Ол – «Нұр Отан» партиясы ұсынған Доктрина. «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» Саяси доктринасында партияның басты мақсат-міндеттері анық жазылған. Бұл – «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда және жалпы ел дамуында «Нұр Отанның» рөлін анықтайтын партияның конституциясы іспеттес құжат. Доктрина басты идеологиялық құжат ретінде осы күнге дейін жасалған жұмыстарды қорытындылап, партия мүшелерін біріктіреді. Ең бастысы, Доктринада мемлекетіміздің дамуы мен жетістіктерінің кепілі болған Елбасының мемлекеттік бағытының негізгі қағидалары жазылған. Өйткені, тәуелсіз және мықты мемлекетті қалыптастырып, бейбітшілік пен бірлікті сақтау – Президентіміздің жүйелі саясатының жарқын жемісі.
Өз сөзінде Президентіміз «Қазақстан-2050» Стратегиясы – бұл партиялық бағдарламаның негізі. Стратегияның орындалуы тек «Нұр Отан» партиясының саяси көшбасшылығы жағдайында мүмкін екендігінде еш күмәнім жоқ», деп атап өтті. Яғни, Елбасы партияға үлкен сенім артып отыр. Партияның әрбір мүшесі мұны жақсы түсініп, «Қазақстан-2050» Стратегиясының орындалуына жұмыла кірісуі керек.
Тағы бір айтқым келгені, Елбасының жастарға қарата сөйлеген сөзі қатты толғандырды. Қызметіміз жас ұрпақпен тікелей байланысты болғандықтан, бұл – біздің жанды жеріміз. Еліміздің ертеңгі тағдыры біз оқытып, жоғары білім беріп жатқан жастарға тәуелді. Сондықтан Елбасының: «Жастар – бұл біздің алтын қорымыз. Жас қазақстандықтардың партияның, жалпы Отанымыздың бағдарын қолдауы және 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған бағдарламаны жүзеге асыруға кеңінен қатысуы тарихи, моральдық, тұрақтандырушы зор мәнге ие», деп атап өтуі орынды. Шындығында да біз кім үшін өмір сүріп, кімнің болашағына алаңдаймыз.
Нұрсұлтан Әбішұлы: «Біздің елімізде жасалғанның барлығы да ең алдымен сіздерге жасалды және мақсат-мұратымыз, 2050 бағдарламамыз да сіздер үшін», деп жастарымыздың санасына құйып жатыр. Есептейтін болсақ, Мемлекет басшысы айтқандай-ақ қазіргі уақытта мектеп, не жоғары оқу орнын бітірген қазіргі 20 жастағы азамат 2040-2050 жылдары елімізді басқарады екен. Түсіне білген жасқа бұл тек Мемлекет басшысының сөзі ғана емес, қамқор әкенің, дана атаның сөзі.
Бұл съезде тек «Нұр Отанның» атқарған жұмысына баға беріліп қана қойған жоқ. Ел дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайына қажетті маңызды істерді қолға алу мәселелері жан-жақты айтылып, Президентіміз біздің алдымызға үлкен жаңа міндеттер қойды. Біздің басты міндетіміз – халқымыздың бірлігін сақтап, дамыған 30 елдің қатарына енуге аянбай еңбек ету.
Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университетінің ректоры.
Алматы облысы.