Руханият • 15 Тамыз, 2020

Ақтоты Райымқұлова Түркістан облысында бірқатар тарихи нысанның жұмысымен танысты

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтоты Райымқұлова Түркістан облысында бірқатар тарихи нысанның жұмысымен танысты

Сапар барысында карантин аяқталған соң кесенеге келушілердің гигиеналық-санитарлық сақтық іс-шараларын қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстармен танысты.

Қазіргі таңда кесене ішінде арнайы ескертпе парақшалары мен арақашықтықты сақтауға арналған белгілер және кесене алдында келушілер үшін арнайы шатыр мен орындықтар және гигиеналық құралдар орнатылған.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның маңындағы тарихи-мәдени орындарды қайта жаңғырту, зерттеу жұмыстары да министрліктің жіті назарында. Осы орайда Қожа Ахмет Ясауи, Есім хан кесенелері мен сегіз қырлы сағана және белгісіз сағананы реставрациялау барысын көрген министр Күлтөбе қалажұртындағы археологиялық қазба жұмыстарын пысықтады.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейін дамытудың 3 жылдық жоспарына сәйкес тарихи жандандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

Алдағы уақытта Қазақстанға келген туристер "Әзірет Сұлтан" қорық-музейі аумағындағы тарихи орындарды аралап қана қоймай Күлтөбе қалажұртындағы ашық аспан асты музейімен де танысады.