Елорда • 15 Тамыз, 2020

Алтай Көлгінов білім беру мекемелеріндегі жөндеу жұмыстарымен танысты

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында 12 мектеп салынады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Бұл туралы қала әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алтай Көлгінов білім беру мекемелеріндегі жөндеу жұмыстарымен танысты

"Жөндеу жүріп жатқан әрбір мектепке, балабақшаға қатысты мәселе бар. Шатырынан бастап желдету жүйесіне дейін қарастыру қажет. Бүгін кешкілік аралау барысында бірқатар білім беру нысанда жүріп жатқан жұмыстарды қарадым. №84 мектеп-лицейі (Ұлы Дала даңғылы, 7/1 ) автономды жылыту жүйесінен орталық жылыту жүйесіне ауыстырылды. Мекеме директорының есебі бойынша, осы арқылы отынды 7 есеге үнемдеуге болады. Бұрын бұл мектепке автономды жылыту құны – 100 млн теңгеден асты.

А. Байтұрсынов атындағы № 48 мектеп-лицейінің (Жирентаев көшесі, 15/2) қасбеті жөнделіп, жаңа желдету жүйесі орнатылып жатыр. Сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған көтергіш орнатылды.

Оқу жылының басынан бастап 1-4 сынып оқушылары "кезекші топтарда" оқитынын ескере отырып, мектептерде арақашықтық сақтау қажеттілігі туралы жадынамалар әзірленді. Балалар парталарға шахмат тәртібімен отырады. Биыл барлығы 26 білім беру нысанын (мектептер, балабақшалар, колледждер) жөндейміз. 12 мектеп салып, пайдалануға береміз. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп", - деп жазды Алтай Көлгінов.