24 Қазан, 2013

Телефон арқылы сөйлесті

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На­зарбаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На­зарбаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес­тің және Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығы Мем­лекет басшылары кеңесінің Минскіде өтетін алдағы отырыстарында қаралады деп жоспарланған мәселелерге ерекше назар аударды.

Бұған қоса, екі ел көшбасшыла­ры осы айдың басындағы А.Лука­шен­коның Қазақстанға ресми са­пары кезінде қол жеткізілген ке­лісімдерді іске асыру барысы­мен қатар, екіжақты өзара іс-қи­мылдың негізгі бағыттарын талқылады.

Соңғы жаңалықтар