Бүгін түнде Еуропа лигасының жартылай финалының алғашқы ойындары өтті. Германияның Кёльн қаласында өткен матчта «Севилья» «Манчестер Юнайтедтен» 2:1 есебімен басым түсті.

Ойын басталмас бұрын біз «Севильяның» жеңіске жету жолдарына үңіліп, қандай жағдайда ғана олардың финалға шығуға мүмкіндігі бар екенін айтқан едік: «Соңғы 15 жылда Еуропа лигасының кубогын бес мәрте жеңіп алған «Севилья» бұл турнирде басты фовориттердің бірі. Алайда жартылай финалға шыққан командалардың барлығы «сен тұр, мен атайындар». Cондықтан бұл жолы да «нервиондықтар» үшін ауыр сынақ күтіп тұр. Неге ауыр сынақ? Себебі бұған дейін олар 1/8 финалда азулы «Рома» командасын 2:0 есебімен жеңді. Ширек финалда Англияның «Вулверхэмптон» футболшыларынан басым түсті. Енді міне олардың жолына МЮ кедергі болмақ. Әйткенмен ¼ финалда «Вулверхэмптон» командасына құрған тактикасы мен ойын өрнегін бұл жолы тағы көрсетсе, Хулен Лопетеги шәкірттері қарсыласын сөзсіз жеңеді».
Міне, айтқанымыз айдай келді. «Севилья» – финалда!
Алғашқы минуттарда ойын қалай болар екен деп күдіктендік. Себебі, кездесудің 7 минутында «Севилья» қорғаушысы Диего Карлос айып алаңының ішінде МЮ жартылай қорғаушысы Рэшфордтың қақпаға соққы жасауына мүмкіндік беріп, артынша аяғынан шалды. Көп уақыт өтпей бейне-бақылау арқылы бас төреші Феликс Брых 11 метрлік айып добын белгіледі. Фернандеш мүлт кеткен жоқ. Есеп – 1:0, МЮ алда. Осы голдан кейін «нервиондықтар» тез естерін жиып ойынның 26-минутында есепті теңестірді. Сол қапталдан суырылып шыққан Регилон «қызыл сойқандардың» екі қорғаушысынан асырып Сусоға әдемі пас шығарып берді. Сусо ойланбастан бірден сол аяғымен соққы жасап, қақпаның оң жақ бұрышын дәл көздеді. Есеп – 1:1.
Есеп теңескеннен кейін қос команда алма-кезек шабуылдармен алмасып жатты. Сондай қарымта шабуылдардың бірінде «нервиондықтар» есепті еселеп, бұл матчтың нүктесін қойды. Ойынның 78-минутында оң қапталдан Навас айып алаңына әуелетіп асырғаны сол еді, оған бірінші болып жеткен Де Йонг қақпаның дәл ортасына соққы жасап, есепті 2:1-ге жеткізді. Бұдан кейін МЮ ойынды өз қолдарына алып, қанша шабуыл жасаса да нәтиже бермеді. Себебі, оған «Севилья» қақпашысы мен қорғаушылары дайын болып шықты.
Бір қызығы, бұған дейін «Севилья» Еуропа лигасының жартылай финалында бес рет ойнап, барлығында да финалға шыққан және барлығында да жеңіске жеткен. Енді міне, қатарынан 20 матчта жеңілмеген «Севилья» алтыншы мәрте Еуропа лигасының финалына шығып отыр. Ал енді финалда жеңіске жету өздерінің құрған тактикаларына байланысты болмақ.
Статистика:
«Севилья» – «Манчестер Юнайтед» 2-1
Допты иелік ету – 53% – 47%; соққы – 9:20; дәл соққы – 3:8; айып соққы – 16:15; бұрыштама – 3:4; офсайд – 3:0; сары қағаз – 2:3; ойыншы алмастыру – 4:5.
«Севилья»: қақпашы – Боно; қорғаушылар – Регилон, Карлос, Кунте, Навас; жартылай қорғаушылар – Хордан, Фернандо, Банега; шабуылшылар – Окампос, Эн-Несири, Сусо.
«Манчестер Юнайтед»: қақпашы – Де Хеа; қорғаушылар – Ван-Биссака, Линделёф, Магуайр, Уильямс; жартылай қорғаушылар – Фред, Гринвуд, Фернандеш, Погба, Рэшфорд; шабуылшы – Марсьяль.




















Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • Бүгін, 17:25
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • Бүгін, 16:57
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • Бүгін, 16:26
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • Бүгін, 16:20
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 15:19
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • Бүгін, 15:16
«Орталық Азия» халықаралық сауда орталығы құрылатын болды
Үкімет • Бүгін, 14:44
«Mega Silk Way» сауда орталығында індетке қарсы вакциналау басталды
Елорда • Бүгін, 14:16
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • Бүгін, 13:08
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • Бүгін, 12:41
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 12:13
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 12:06
Нұрсұлтан Тұрсынов Алматыдағы турнирдің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 11:25
Риддерде жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды
Қоғам • Бүгін, 10:52
Аида Балаева журналистермен этносаяси сауаттылықты дамыту қажеттілігін талқылады
Қоғам • Бүгін, 10:48
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • Бүгін, 10:17
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:56
Елімізде 1511 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Қазақстанда бір күнде 2734 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
ШҚО-да тұрғындар эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда қанша микроқаржы ұйымы жұмыс істейтіні белгілі болды
Экономика • Кеше
Президент Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдерінің есебін тыңдады
Президент • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен келіссөз өткізді
Үкімет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жаппай вакцина егу басталады
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр?
Руханият • Кеше
Президент ғарыш саласының мамандарына ризашылығын білдірді
Президент • Кеше
Ұйғыр ауданының судьясы жемқорлық фактісімен күдікке ілінді
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында вегетациялық маусым қалай өтеді
Экология • Кеше
Алматыда тау баурайы отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Қабдеш Жұмаділовтің соңғы сұхбаты эфирге шығады
Руханият • Кеше
Түркістан облысында 7 тойхананың жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Кеше
Әйелдер ипотекасы қашан іске қосылатыны белгілі болды
Экономика • Кеше
Қазақстандық вакцина қашан дайын болады?
Қазақстан • Кеше
Президент елдегі жолдардың сапасына қатысты сын айтты
Президент • Кеше
Батыс Қазақстанда өзен жағасынан малдың өлекселері табылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда карантин күшейтіле ме?
Коронавирус • Кеше
Қызылорда облысында заңсыз балық аулаудың екі дерегі анықталды
Аймақтар • Кеше
Коронавирус вакцинасы оразаны бұзбайды - Жанна Пірәлиева
Коронавирус • Кеше
Зейнетақыға үстемеақы қосылатыны рас па?
Қоғам • Кеше
Ақтөбеде 10 мыңға жуық адам вакцина қабылдады
Медицина • Кеше
Алтай Көлгінов жол қызметкерлерінің жұмысын сынға алды
Аймақтар • Кеше
Салымшылардың есепшотына 1,001 трлн теңге аударылды
Қоғам • Кеше
Нұрсұлтан Тұрсынов Токиоға барады
Спорт • Кеше
Сенатта ветеринария саласындағы мәселелер талқыланды
Парламент • Кеше
Жайылымдарды 100% сумен қамтитын жоба
Экология • Кеше
«NIS Space» ғарыш кемесін құрастырады
Технология • Кеше
Алик Шпекбаев Ашита Митталмен онлайн кездесу өткізді
ANTIKOR • Кеше
Ақтау-Жаңаөзен тасжолына әскери ұшақ қонды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар