Қоғам • 17 Тамыз, 2020

Кезекке тұру жеңілдей түсті

657 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп ХҚКО-ға кезекті брондау процесін оңтайландырды.

Кезекке тұру жеңілдей түсті

Автокөлікті қайта тіркеу үшін арнайы ХҚКО-ға кезекті брондау кезінде сатушының, көлік иесінің ЖСН (егер авто­көлік сенімхат бойынша сатылса) және сатып алушының ЖСН нөмірін көрсету қажет, барлық үш ЖСН да бір қызметті алу үшін жүйеде тіркеледі.

Белгіленген уақытта арнайы ХҚКО-ға келген кезде талон кезекке қойған басқа адамдардың деректеріне өзгерістер енгізу мүмкіндігінсіз ЖСН-нің бі­реуіне ғана беріледі. Яғни ма­ман­дандырылған ХҚКО-ға кезекке автокөлік құралының мем­лекеттік тіркеу нөмірлік белгісі көрсетілген жағдайда ғана тапсырыс беруге болады.

Осылайша ХҚКО қызмет­кері сенім білдірілген тұлға туралы мәліметтерді арнайы ХҚКО-ға келген кезде кезекке қой­ған тұлғалар туралы дерек­терге өзгерістер енгізу қажеттілігінсіз алдын ала алады. ХҚКО-да (арнайы ХҚКО емес) ке­зекті брондау бұрынғы фор­матта қалады.

Telegram (EgovKzBot2.0), Вкон­такте (Портал eGov.kz) және Facebook (Портал Egov.kz) чат-боттары арқылы кезекті брондау үшін басты мәзірде «ХҚКО-да кезекті брондау» ба­тырмасын таңдау қажет, одан кейін нұсқалардың бірін таң­дау керек: кезекке тапсырыс беру немесе қайта брондау. Сәтті брондау кезінде мессенджерге немесе чат-ботқа хабарлама түседі, егер мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, пайдаланушыға СМС-хабарлама келеді. Кезекті алдын ала брондауға тәулігіне бір рет рұқсат етіледі. Егер белсенді бронь болса, жаңадан брондау мүмкін емес, оны қайта брондау керек.