Әлем • 17 Тамыз, 2020

Дубай әуежайы COVID-19 анықтау үшін иттерді қолдана бастады

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дубай билігі коронавирус індетімен күресу барысында кинологтер мен иттерді тартып отыр. Бұл туралы РИА НОВОСТИ-ге сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Дубай әуежайы COVID-19 анықтау үшін иттерді қолдана бастады

Иттердің міндеті − коронавируспен ауыратын жолаушыларды бірден иіскеп анықтау. Зерттеу барысында олардың иіс сезу дәлдігі 92 пайызды құраған.

Адамға қарағанда иісті иттер жылдам әрі жақсы сезеді. Сондықтан оларды көбінесе бомба немесе есірткі табу үшін үйретеді.

Иттерді коронавирусты анықтауда ауырпашылығымен қатар, ұзақ уақыт бойы үйретуге тура келеді. Сондай-ақ арнайы зертхана, құрал-жабдық және науқас адамдармен байланыспау қажеттілігі тағы бар.

Сөйте тұра, Дубай әуежайы бірінші болып иттерді коронавируспен күресу үшін қолдануға шешім қабылдады. Олар адамдармен байланыс орнатпай қашықтан жұмыс істейді.

Дубай туристер үшін шілде айында ашылды. Саяхатшылардан сапарға дейін кемінде 96 сағат бұрын алынған коронавирустық инфекцияны жұқтырмағаны туралы теріс нәтиже туралы анықтама болуы тиіс.