Елорда • 17 Тамыз, 2020

Елорда маңындағы елді мекендерге автобус қатынай бастады

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап елордада қала іргесіндегі ауылдарға қатынайтын автобустар қайта жүре бастады. Қоғамдық көліктер таңғы сағат 6-дан кешкі 10-ға дейін қатынайды. Бұл туралы Хабар 24-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Елорда маңындағы елді мекендерге автобус қатынай бастады

Шаһар маңындағы елді-мекендерге баратын автобустарда да қалалық маршруттар сияқты барлық санитарлық талап сақталады. Жол ақысы картамен төленеді. 

"Мен "Лесная полянада" тұрамын. Бүгінгі автобустардың жүргеніне қуанып жатырмыз. Күнде таксимен қатынайтын едік. Азанда көргенде қуандық. Бірақ тәртіппен жүрсе болды. Көбісі маска кимей жатыр, сол қынжылтады", дейді тұрғын.

Ал бір жолаушылар: "Бәрі маска кимейді, кигеннің өзінде мұрындары ашық. Адам көп. 50 процент толсын деді, бірақ автобус лық толып жүреді. Әсіресе Қосшыға баратын автобус лық толып жүреді", дейді автобус қатынаушысы.

"Мен бүгін Тайтөбеден келдім Азия паркке дейін. Уақытымен келді. Бес минут күттік. Жақсы болды. 303,302,320-да жүріп жатыр уақытымен. Барлығы жақсы болды автобустың шыққаны. Еске салайық, Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады", дейді тұрғын.