Экология • 17 Тамыз, 2020

Алматы тауларына баруға неліктен тыйым салынды?

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тауларына баруға тыйым салынғанын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы тауларына баруға неліктен тыйым салынды?

"Бұл біздің санитарлық қызметіміздің тәжірибесі мен жұмысымыздың нәтижесі. Мәселен, Алматыдағы тауларға немесе елді мекендеріндегі табиғи ресурстарға абсолютті қолжетімділікті берсеңіз, адамдар алкогольді ішімдіктердің қалдығын тастап, қоршаған ортаны жаппай ластай бастайды. Бұл коронавирустық инфекцияның таралуына қосымша қауіп төндіреді", деді ол ОКҚ брифингінде.

Сондай-ақ ресми өкілдің айтуынша, әр өңірдің санитарлық дәрігерлері жағдайға байланысты қандай да бір шектеулерді қабылдайтынын атап өтті.

Сөз соңында ол, карантин алынып тасталғаннан кейін Алматы тауларына бару үшін  үш адамнан аспау керектігін нақтылады. Демалыс күндері тұрғындар таза ауада демалғысы келсе де, оған мүлдем тыйым салынады және көлікпен жүруге шектеу қойылады. Туындаған сұрақтар бойынша мәселелер біртіндеп өз шешімін табатынына сендірді.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.