Аймақтар • 17 Тамыз, 2020

Сенат депутаты Атырау облысының Құрманғазы ауданына барды

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысының Құрманғазы ауданында болып, 75 орындық жаңа аурухананың құрылысымен танысты. Клиникада 10 орындық инфекциялық бөлімше, 10 орындық балалар бөлімшесі, сонымен қатар ас блогы, кір жуатын орын, медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған полигон болады. Аурухананың айналасында емделушілердің демалысы мен қалпына келуіне барлық жағдай жасалған.

Сенат депутаты Атырау облысының Құрманғазы ауданына барды

Ауруханада толыққанды және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін заманауи жабдықтар орнатылады. Жобаның құны шамамен 2,5 млрд теңге. Сенатор Ғұмар Дүйсембаев медицина қызметкерлерімен кездесіп, пациенттердің жағдайы мен денсаулық сақтау саласының проблемалық мәселелерін талқылады. 

Сондай-ақ, депутат Атырау-Астрахань автокөлік жолы, Ақкөл ауылындағы 290 орындық балабақша, Құрманғазы-Бірлік тас жолы құрылысының сапасымен, Шарон өзенінің түбін тереңдету жұмысымен және Хиуаз ауылындағы мәдениет үйінің жобасымен де танысты.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.