Аймақтар • 17 Тамыз, 2020

Сенат депутаты Алматы облысының аудандарына барды

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев Алматы облысының аудандарына барды. Жергілікті жерлерде ол «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламаларының орындалуын тексеруде.

Сенат депутаты Алматы облысының аудандарына барды

Алакөл ауданында ауыз су жүйесінің құрылысы, емхана мен мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар жалпы сомасы 4 млрд 717 млн. теңгені құрайтын тағы 53 жоба іске асырылуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша мұнда 1200-ге жуық жұмыс орны ашылған. 

Көксу ауданының Балпық би ауылында ауыз су жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Мұнда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көппәтерлі тұрғын үй салынуда, соның арқасында жақында аудан орталығынан 60 отбасы қоныс тойын тойлайды. 

Ал Қаратал ауданында сенатор Үштөбе қаласының орталық алаңын күрделі жөндеу барысымен танысып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан басқа да әлеуметтік нысандарды аралады. 

Текелі қаласында Жұмыспен қамтудың жол картасының аясында 13 нысан салынып, жөнделеді, мұнда бүгінге дейін 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған. Осы мақсатқа шамамен 2 млрд. теңге бөлінді. Бос жұмыс орындарының жартысынан көбі қызметкерлермен толыққан. Мұнда сенатор қалалық мәслихат депутаттарымен де кездесті. Кездесу барысында Нұрлан Қылышбаев Қоғамдық кеңестер мен мәслихаттар тарапынан мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. 

Ескелді ауданында сенатор 22 білім беру нысаны мен 16 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарындағы жөндеу жұмыстарын тексерді. Әр аудан мен кентте Нұрлан Қылышбаев азаматтарды жеке қабылдады. Жергілікті тұрғындар ел халқының өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша туындаған проблемалар мен тілектерін жеткізді. Сенатор Парламенттің алдағы жұмысында азаматтардың барлық өтініш-тілектерін ескеруге уәде берді.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.