"Онлайн конференция барысында жақсы ұсыныстар, пікірлер айтылды.Нәтижесінде біз экологиялық білім беру жөнінде арнайы кеңес құруға келістік. Құрамына мемлекеттік, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері кіреді. Онда экологиялық білім беру мәселесі жан-жақты қарастырылатын болады.
Өскелең ұрпақтың экологиялық белсенді, табиғатқа жанашыр болып қалыптасуы біз үшін маңызды. Осы орайда, бастап жатқан бастамаларымыз бен жұмысымыз оң нәтижесін әкеліп, экологиялық білім беру үрдісі барынша жүзеге асады деп сенемін", - деп жазды министр туиттердегі парақшасында.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.