Елбасы • 18 Тамыз, 2020

Эпидемиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңе­сінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Эпидемиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды

Кездесу барысында Қауіп­сіздік Кеңесінің Төр­ағасы Нұр­сұл­тан Назарбаев ұлттық қауіп­сіз­діктің ахуалына бақылау жүр­гі­зудің, пандемия жағдайында заңды­лықты сақтау мен тәртіпті қам­та­масыз етудің маңызды­лығына тоқталды.

Елбасы карантиннің жеңіл­деуіне байланысты эпидемиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қа­жеттігін атап өтті.

– Бүгіннен бастап карантин шараларын жеңілдету туралы ше­шім қабылданды. Алайда адам­­дар жауапкершілікті толық сезінуі қажет. Әр адам өз ден­сау­лығын сақтау керек, – деді Қа­зақ­станның Тұңғыш Пре­зиденті.

Өз кезегінде Әсет Исеке­шев Қауіпсіздік Кеңесі Аппара­ты­ның ықтимал қауіп-қатерлерді талдау және алдын алу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады.

– Қауіп-қатерлерге талдау тұрақты түрде жүргізіледі. Әр сала бойынша мониторинг жасалып,  оларды шешу үшін шара­лар ұсынылады. Қазіргі негізгі мәселе – коронавирус пандемия­сы. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппа­раты Кеңестің шешімдерін ескере отырып, жағдайға бақылау жүр­гізеді, бірқатар мәселелер бойын­ша нақты ұсыныстар енгізеді. Қыл­мыстық ахуалға келер бол­сақ, жалпы республи­ка бойын­ша қылмыс саны өткен жыл­мен салыстырғанда 34 пайыз­ға азайған. Жағдай бақы­лауда. Бірқатар салаларда қылмыстың төмендеу қарқыны байқалып отыр, – деді Ә.Исеке­шев.