«Балаларға экологиялық білім берудің маңызы неде?» деген тақырыпта Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен кең көлемді талқылау өтті. Онлайн режімдегі конференцияға Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, экономика ғылымының кандидаты, профессор Жақсыбек Құлекеев, «Wikibilim» қоғамдық қорының негізін қалаушы Рауан Кенжеханұлы және экология саласының сарапшылары қатысты.

Шарада бірінші болып сөз алған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева экология сөзінің өзі қазіргі таңда өте өзекті ұғымға айналғанын айтты.
– Экология термині бүгінде соғыс, апат секілді сөздермен қатар айтылатын, құлақ түрер, ой салар ұғымға айналды. Өйткені табиғат – тіршіліктің көзі ғана емес, өмірдің өзі. Сондықтан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп, түрлі келеңсіз жайттарға жаны ауырып, халықты табиғат ананы аялауға шақырып келеді. Міне, осы үндеудің ізін суытпай, біздің министрлік танымал эколог мамандармен, білікті сарапшылармен бірлесіп экологиялық сауаттылық тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шарадан көз жеткізгеніміздей, жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру – қоғам үшін маңызды, – деді А.Балаева.
Министрдің мәлімдеуінше, елімізде экологиялық мәселелерді шешумен айналысатын 170 үкіметтік емес ұйым бар. Бұл – Қазақстанда тіркелген барлық ҮЕҰ-ның небәрі 3,3 пайызы ғана. Мұндай маңызды мәселені барлық ұйымдармен, әсіресе қоғамдық ұйымдармен бірлікте шешу керек.
Ал Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев балаларға экологиялық білім беру мектеп бағдарламасына енгізілетін экология пәнімен ғана шектеліп қалмауы қажет екенін айтады.
– Біз лайықты нәтижеге қол жеткізуіміз үшін бар жүкті бір ғана пәнге артып қоймай, кешенді жұмыс жүргізуіміз керек. Сондықтан барлық жауапты ведомстволар мен экология саласының сарапшыларын, сондай-ақ мұғалімдерді, бастысы ата-аналарды осы жұмысқа атсалысуға шақырамыз. Неліктен ата-аналарға көбірек мән беріп отырмыз? Себебі тәрбиенің кез келген түрі бірінші отбасында басталады. Ең алдымен біз балалардың бойында қоршаған ортада өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыруымыз керек, – деді М.Мырзағалиев.
Жаңа пән туралы сөз еткенде жауапкершіліктің басым бөлігі білім саласына жауапты ведомствоға артылатыны айтпаса да түсінікті. Ал Мемлекет басшысының экологиялық білім беру туралы тапсырмасы қалай орындалмақ? Бұл жөнінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сөз қозғады.
– Президент мектептерде экологиялық білім беретін жаңа пән енгізуді тапсырған күннен бастап біз жұмысты бастап кеттік. Қазір осы тапсырма төңірегінде арнайы жасақталған жұмыс тобындағы мамандар айналысып жатыр. Біз асығыстық танытқымыз келмейді, сапалы жұмысқа, нақты нәтижеге қол жеткізуді көздейміз. Сарапшылардың, педагогтердің, түрлі қоғамдық ұйымдардың бізге толассыз түсіп жатқан ұсыныстарынан балаларға экологиялық білімнің аса қажет екеніне көз жеткізіп отырмыз. Жалпы, экологиялық білімді мектеп бағдарламасына қалай, қандай тиімді жүйемен енгізген жөн? Айталық, маңызды пәндердің мазмұнында экологиялық білім беретін тақырыптар енгізуге болады, – деді А.Аймағамбетов
Негізі осы ұсыныс бұған дейін бас басылымда жарияланған «Экология пәнін енгізуге әзірміз бе?» атты мақаламызда да айтылған еді. Яғни мектептегі қазір оқытылып жатқан пәндерге экологиялық білім беретін тақырыптарды кіріктіруге болады. Сол материалымызда сарапшылар жаңа оқу жылында жаңа пән енгізуге дайындықтың жоғын жеткізіп еді. Десе де, Білім және ғылым министрінің айтуынша, асығыстыққа жол бермеу – алдағы жаңа оқу жылынан бастап экологиялық білім беру басталмайды деген сөз емес. Жүйелі жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.
Эко-белсенді Светлана Могилюк «Жаңа пән керек пе, жоқ басқа пәндерге экологиялық тақырыптарды кіріктіруге бола ма?» деген сұраққа тереңірек тоқталды. Оның ойынша, бұл мәселеде шетелдіктер жүріп өткен жолдан, жоғарыдағы сұрақты біраздан бері талқылап келе жатқан Ресейден тәжірибе алуға болады.
– Шетелдік талқылаулар мен тәжірибелерді ұзақ уақыттан бері жіті қадағалап, зерделеген адам ретінде айтайын, бізге міндетті түрде арнайы пән енгізу қажет. Себебі басқа пәндерге тақырыптарды кіріктірудің лайықты нәтиже бермейтінін Ресей тәжірибесінен көзіміз көріп отыр. Ал пәннің мазмұнында тәжірибелік жұмыстарға көп көңіл бөлінуі тиіс. Білім беру жүйесі жақсы дамыған елдерде осы жүйе толығымен сақталған және оның тиімділігі өте жоғары. Бала өзі қолмен ұстап, көзбен көріп, өзі істеп көрмесе, оқытудың мәні жоқ, – деді С.Могилюк.
Қоғам белсенділері тарапынан соңғы кезде экология пәнін қосымша сабақ ретінде оқыту туралы ұсыныстар жиі айтылып жүр. Бірақ бізде қосымша білім берудің жағдайы қандай? Экономика ғылымының кандидаты, профессор Жақсыбек Құлекеев еліміздегі қосымша білім беру деңгейінің төмен екенін сынға алды.
– Батыстағы қосымша білім берумен айналысатын оқушылар сарайына барсаңыз, табалдырықтан бастап танымыңыз кеңейеді. Сізді жасыл желек, аквариум, табиғаттың түрлі байлықтары қарсы алады. Ал еліміздің оқушылар сарайына кіре қалсаңыз, қаңырап бос тұрады. Неге сондай мекемелер мен орындардың қабырғаларына дейін экологиялық білім мен тәрбие беретін балалардың өнімдерімен әрлемеске? Әр қалада эко-балабақша, эко-мектеп, эко-саябақ салу керек. Бұл бастама алдағы құрылысы басталатын білім беру ұйымдарының және қоғамдық орындардың жобасына үлгі болар еді, – деді Ж.Құлекеев.
Экологиялық білім беру мәселесі ең бірінші 1977 жылы халықаралық деңгейде көтерілген екен. Өз кезегінде «Wikibilim» қоғамдық қорының негізін қалаушы Рауан Кенжеханұлы ғаламдық деңгейде ойлап, аймақтық деңгейде әрекет етуге және балаларды да осы бағытта тәрбиелеуге шақырды.
– Негізі әлемде бұл мәселе өткен ғасырдан бері көтеріліп келе жатыр. Көптеген ел біз көздеген мақсатты экологиялық білім беруден бұрын «экологиялық сана қалыптастыру» деп қарастырады. Ал сананы дамыту өмір бойы жүзеге асырылатыны анық. Біз әрине осы істі қолға алу барысында шетелдіктердің және халықаралық ұйымдардың әдістемелері мен тәжірибелерін, білім мазмұнын зерттейміз, содан соң өзімізде қолданысқа енгіземіз. Осы ретте біз ғаламдық деңгейде ойлап, аймақтық деңгейде әрекет етуге бағыт алуымыз қажет. Мәселен, Антарктидадағы мұздықтардың еруі туралы оқытылғанымен, бала Алатаудағы мұздықтардың еруінен туатын проблемаларды білгені абзал. Сол секілді Гоби шөлі дегенде оқушы Маңғыстаудағы шөлді аймақты елестетіп, талқылай алатын таным қалыптастыруымыз қажет, – деді Р.Кенжеханұлы.
Шымкентте 7 жастағы қызды автобус қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 12:53
Екі облыс әкімінің орынбасарлары қатаң сөгіс алды
Аймақтар • Бүгін, 12:49
Ғылым апталығы білім берудегі жаһандық трендтерді талқылаумен басталды
Білім • Бүгін, 12:47
Юрий Гагариннің өліміне қатысты болжам айтылды
Әлем • Бүгін, 12:46
Ресейде Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 12:37
Вакцина салдырса ораза бұзыла ма?
Медицина • Бүгін, 12:35
Елімізде бір апта ішінде 3 295 қылмыс жасалды
Қоғам • Бүгін, 12:23
Қазақстанның барлық өңірінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр - Әсет Ерғалиев
Экономика • Бүгін, 12:23
Алматыда уағыз-насихат жұмыстары онлайн өтеді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
2021 жылдың I тоқсанында ел экономикасы тұрақты өсім көрсетті
Экономика • Бүгін, 11:27
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 11:25
А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:23
Қостанайға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс тобы келді
ANTIKOR • Бүгін, 11:19
Қазақстанда эпидемиялық ахуал нашарлады
Коронавирус • Бүгін, 11:18
МӘМС: 2025 жылға қарай қымбат медициналық қызметтер қаржыландырылады
Медицина • Бүгін, 10:58
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 10:55
Бүгін - Қаныш Сәтбаевтың туғанына 122 жыл
Қоғам • Бүгін, 10:34
Nur Otan-ның бақылау комитеті жаңа құраммен толықты
Қоғам • Бүгін, 10:24
Қазақстанның 8 өңірі «қызыл аймақта» тұр
Коронавирус • Бүгін, 10:07
Қай қалаларда вакцина сауда орталықтарында салынып жатыр?
Медицина • Бүгін, 10:00
Шымкентте автобус жүргізушісі баланы қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:55
Биыл күзге дейін 10 миллионға жуық адам вакцина алады
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 97 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді
Қоғам • Бүгін, 09:34
Юлия Путинцева үздік теннисшілер қатарына кірді
Спорт • Бүгін, 09:26
12 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:25
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Коронавирус жұқтырған 569 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:06
608 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 08:57
Руханият • Бүгін, 08:52
Руханият • Бүгін, 08:50
Оқиға • Бүгін, 08:48
Сананы өзгертудің тиімді тетігі
Руханият • Бүгін, 08:36
Алматыда Азия чемпионаты өтеді
Спорт • Бүгін, 08:32
Тарихи жерлердің тағылымы бөлек
Руханият • Бүгін, 08:30
Докторантураға түсу ережелеріне өзгертулер енгізілді
Білім • Бүгін, 08:28
Теннис • Бүгін, 08:11
Аграрлық ғылымсыз алға баспаймыз
Ғылым • Бүгін, 08:09
Сәтбаев университетінің ертеңі
Ғылым • Бүгін, 08:06
Футбол • Бүгін, 08:06
Рухы биік ел ешқашан жеңілмейді
Руханият • Бүгін, 08:05
Әлия Оспанова: Қазақ ғалымдарына қолдау көрсетеміз
Ғылым • Бүгін, 08:04
Спорт • Бүгін, 08:04
«Керуенсарай» – ең ірі туристік кешен
Оқиға • Бүгін, 08:02
Ғылым • Бүгін, 08:01
Ел болып жұмылмасақ, еңсеруіміз екіталай міндет
Саясат • Бүгін, 07:59
Этносаяси сауаттылық әркімге қажет
Саясат • Бүгін, 07:53
Хромтауда үйде жарылыс болып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
Батырмұрзаев алтын, Дәулетбеков қола алды
Күрес • Кеше
Қазақстан • Кеше
Музей қоры құнды картиналармен толықты
Өнер • Кеше
Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзгелерді тамсантсақ өнерменен
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Ғылым мен «жасыл экономика» симбиозы
Ғылым • Кеше
Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі
Ғылым • Кеше
Қазақстан • Кеше
Азаттық үшін күрестің бір айғағы
Тарих • Кеше
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?
Аймақтар • Кеше
Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды
Аймақтар • Кеше
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады
Елорда • Кеше
11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні
Медицина • Кеше
Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар