Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру Ақмола өңірінде мұқият жүргізілуде. Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы картасына 46 нысан еніп отыр, оның 11-і жалпыұлттық, 35-і өңірлік маңызы бар ескерткіштер.

Өңірде бұзылу қаупі туындап тұрған археологиялық ескерткіштерді қорғау, құтқару жұмыстары 2003 жылдан бастау алған екен. 17 жылдың ішінде ұзын-ырғасы 200-ден астам археологиялық ескерткіш қалпына келтірілген. Көне заманнан көп-көрім сыр тартып, тарихтың тұңғиығына еріксіз сүңгітетін тұтас бір әлем бар деп айтсақ та артық емес. Мәселен, облыста тас дәуірінен бүгінгі заманға жеткен 976 археологиялық ескерткіш бар. Бір ғажабы, оның 229-ы Зеренді ауданының аумағында.
Табиғаты тамылжыған Зеренді ауданындағы біршама құнды саналатын қос ескерткіш – Орманды бұлақ қорымы мен ежелгі Қошқарбай қонысы.
– Археолог ретінде мені көне қорғандардың ғылыми сипаттамасы, қазба жұмыстары жасалған кезде табылған құнды жәдігерлер қызықтырады. Мәселен, Орманды бұлақ қорымында сонау қола дәуірінен бастап түркі заманына дейінгі уақыт шеңберін қамтитын жерлеу орындары орналасқан. Бұл қорымның ерекшелігі, ат төбеліндей аумақта ғана емес, бірнеше дәуір ескерткіштерінің сабақтаса, тамырласа орналасуында,–дейді археолог Рауан Ержанов, – 2009 жылы осы қорымнан сатыланған бірнеше қабатты жерлеу орындарын, түбін қуып келгенде сақ тайпаларына жататын жәдігерлерді, қоладан жасалған айна, әрқилы әшекей бұйымдарды тапқан болатынбыз.
Бұл қорым 2006 жылы белгілі ғалым Виктор Зайберттің бастамасымен жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары кезінде табылған екен. Жұмысы жемісті болған 2006 жылы ерте кезеңдерге жататын 50 археологиялық ескерткіш белгілі болған. Кейін Орманды бұлақ қорымы мұқият қоршалған. Қазір мұның басында тарихи тағылымын айғақтайтын, өткен күндердің көмескі белгісін көз алдыңа әкелетін арнайы ақпараттық жазу болмағандықтан, қола дәуіріне жататын қорым екендігін ғайыптан тайып ат басын бұрған, тарих тылсымынан сыр аулаған көпшілік біле бермейді. Жергілікті археологтар алдағы уақытта бұл жағын ескереміз деп отыр.
Міне, Орманды бұлақ қорымы. Сайын даланың иесі мен киесіндей балбал тас. Аумағы шамамен үш гектар жерді құрайтын бұл қорымда ашылмаған әлі талай қорғандар бар болуы әбден мүмкін. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Серік Ысқақовтың айтуына қарағанда, алдағы уақытта мұқият зерделеу жұмыстары жүргізілмек.
Өңірдегі көне тарихтың талқандалуы кеңес заманындағы тың игеру жылдарымен тұспа-тұс келеді. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, көптеген қорымдар трактор табанының астында қалған. Талқандай жыртылып, егістік алқапқа айналған. Шынын айтқанда, мұндай немкеттілік әлі де кездеседі екен. Сондықтан да, «Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 30 бабына сәйкес, шаруа қожалықтары жерді пайдалану алдында тарихи-мәдени мұра объектілерінің жоқтығы туралы анықтама алуы қажет. Алайда туған елдің тұнығын білместікпен лайлайтын кейбіреулер оған көңіл аудара бермейді. Өткеннің өңін сақтап қалуға немқұрайлы қараудың кесірінен бір ғана Атбасар ауданының өзінде отыздан астам ескерткіш жойылып кеткен.
Міне, көне Қошқарбай қонысы. Табиғаты талайды тамсандыратын-ақ жер. Ұшар басына дейін қайыңы мен қарағайы жарыса өскен тау етегін жалап Шағалалы өзені шымырлап ағып жатыр. Археологтардың пікірінше, дәл осы арада қола дәуірінде өмір сүрген адамдар балық аулап, аңшылықпен айналысқан сыңайлы. Олай болатындығы табиғи жаратылысы тіршілік құруға қолайлы. Бір-біріне қанаттаса жалғасқан тау жоталары сілемі желден қорғаса, құрылысқа қажетті ағашы, сыңсыған орман-тоғай ішіндегі жеміс-жидегі мол. Қола дәуірі тұсындағы адамдар табиғи тасты да кәдеге жарата білген. Тіпті қорымға қоршау ретінде де пайдаланғаны ап-анық көрініп тұр.
– Өткен жылдары Ерейментау, Сандықтау, Атбасар, Зеренді аудандарында және Степногор қаласында көне ескерткіштерді қорғау жұмыстары тиянақты жүргізілді,–дейді орталық директоры Серік Ысқақов, – туған жердің өткен тарихы қызықтыратын екі мыңға жуық студент археологиялық қазба жұмыстарымен айналысып, біршама тәжірибе жинақтады.
Арада қаншама ғасыр өтсе де, көне Қошқарбай қонысындағы балбал тас жауын мен желдің өтінде міз бақпай әлі тұр. Байсалды, бекем кейіпте. Арыдағы аталарымыздың бізге қалдырған берік мұрасы іспетті. Сонысымен құнды, сонысымен қымбат.
Ақмола облысы
Руханият • Бүгін, 20:10
Медицина • Бүгін, 20:07
Әлем • Бүгін, 20:02
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 19:58
Спорт • Бүгін, 19:55
Қазақстанға агробанк қажет пе?
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды
Күрес • Бүгін, 19:35
7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді
Қоғам • Бүгін, 19:15
Айтылды-орындалды: Жеті ЖОО жабылды
Президент • Бүгін, 18:31
Пандемия кезінде жаны күйзелгендер көбейген
Әлем • Бүгін, 17:55
Хоккейшілеріміз әлем чемпионатына даярлануда
Хоккей • Бүгін, 17:16
Қалжыңдаймын деп айыппұл төлейтін болды
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматылық жүзушілер алдарына жан салмады
Спорт • Бүгін, 16:15
Төрт боксшымыз ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:00
Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде екі бала зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Атырау және Астрахан облыстарының шекарасында қоршаулар орнатылып жатыр
Қазақстан • Бүгін, 14:50
ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Алматыда тәулігіне індет жұқтырғандар саны 700-ге жақындады
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Маңғыстау облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 12:43
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
Қазақстан • Бүгін, 12:09
Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды
Күрес • Бүгін, 11:35
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:00
Алматыдан 181 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Елімізде өткен тәулікте 1806 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Өткен тәулікте 2828 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:45
Қасиетті айда қайырымдылық жасады
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі гигиеналық талаптар
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Бүгін аруларымыз үш жүлде алды
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 22 мыңнан аса оқушы тест тапсырады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
«Шахтер» командасына жаңа бас бапкер келді
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
Үкімет • 16 Сәуір, 2021
Театрда «Мауглидің» тұсаукесері өтті
Өнер • 16 Сәуір, 2021
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы аяқталды
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Кісі қолынан қайтыс болған Аяжан Еділованың мәйіті жер қойнына тапсырылды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар