24 Қазан, 2013

Сирияға ел асып кеткен отандастарымыз азаматтығынан айырылуы мүмкін

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 10-Siriya kazahstandiktarШетел экстремистерімен бірге әскери әрекеттерге қатысу үшін ел асып кеткен өз адамдарымыз азаматтығынан айрылуы мүмкін. Бұл туралы Total.kz хабарлады.

«Боевое братство» жергілікті соғыс пен әскери қақтығыстар ардагерлер одағының президенті Сергей Пашевичтің пайымдауынша, лаңкестік әрекеттерге араласу мақсатында шетелге кеткен отандастарымызды мемлекет қолдауынан айырып, отанға оралуларына жол бермеу керек.

«Қазақстандықтардың Сирияға қалай өтіп кеткені және олардың не үшін өлімге бас тіккендері әзірге белгісіз болып отыр. Сондай-ақ енді ол жақтағы азаматтар елімізге қауіп төндіруі мүмкін деген пікір бар. Себебі, ондағы соғысқа қатысып келген адамдар дайын кісі өлтіруші болып есептеледі. Олардың елге қандай пиғылмен оралатындары да белгісіз», – деп түсіндірді Сергей Пашевич.

С. Пашевич сөз орайында , шет ел асып кеткен радикалды көзқарастағы адамдарды райынан қайтару мүмкін еместігін, бұл мәселеде ең дұрыс шешім оларды азаматтығынан айыру қажеттігін атап өтті.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар