Білім • 18 Тамыз, 2020

Қашықтан оқыту: ерекшеліктер мен қиындықтар

3716 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Ғаламды шарпыған індеттің елімізге дендеп енуіне байланыс­ты қашықтан оқы­ту қанатын кеңге жай­ғаны баршамызға аян. Уақыт бізді таң­да­ды, біз тарихи мүмкін­­дігімізді жүзеге асырудамыз.

Қашықтан оқыту: ерекшеліктер мен қиындықтар

Қашықтан оқуға еш дайын­дықсыз кірсе де ұстаз­дарымыз халық, ұрпақ алдын­дағы міндеттерін лайықты атқаруда. Алдағы уақытта да қашық­тан оқытудың тәсіл­дерін меңгеріп, ғаламтордың шексіз мүмкіндіктерін игеріп, сабақты балаға қызық­ты етіп беруге тиіспіз. Бүгінгі педагогтің шығармашылығы оның виртуалды аудитория­да оқытуды ұйымдастыру ше­берлігінен көрінетін бола­ды. Бұл жұмыстар мұға­лім­дердің ақпараттық сауат­тылық бойынша таным көк­жиегін кеңейтеді. Ақпараттық сауаттылық пен тәжірибе – жан-жақты дайындықты қажет ететін күрделі үдеріс. Дәл бүгін­гідей цифрлы төң­керіс заманында оның мүм­кін­діктері шексіз. «Үй­ренгені бардың үйретері бар» демек­ші, мұғалімдеріміз қашықтан оқыту бойынша біліктілік курстарынан өтіп, оны практикада қолданатын болады.

Білім және ғылым ми­нистр­­­лігінің тапсырмасы­мен «Назарбаев зияткерлік мек­т­ептері» ДББҰ Педагоги­ка­лық шеберлік орталығы 2020 жылдың 27 шілдесінде Қазақ­стан Республикасы педагог­тері­не арналған қазақ және орыс тілдерінде «Қашықтан оқы­туды үйре­немін» атты кур­сы өз жұмы­сын бастап кетті.

Онлайн-курс бағдарла­ма­сы интернет-сервистермен жұмыс істеу дағдыларын үй­ретуге бағытталған. Осы курс­тан ақпараттық сауат­ты­лық­тың сан қырын мең­гер­дім. Енді оны прак­тика жүзін­де қолданып, зерт­теу жүр­гіз­гім келеді. Оны іске асы­ру кезіндегі қиын­дық­тар­­ды әріптес­терім­мен бірге жеңе­­мін деген ойдамын. Жал­пы, рес­­пуб­ликадағы ұстаз­­дар қауы­­мына дер кезін­де қол­­дау мен көмекті ұйым­дас­­тыра білген «Назар­баев зият­кер­­лік мектептері» ДББҰ Педа­­го­­гикалық шеберлік орта­­­лы­­ғына алғыс айтқым келеді. Себебі ұйым­ның қай жұмы­­сын алсақ та маз­мұн­ды­лығы­­мен, шынайылығымен, прак­ти­­ка­лық құндылығымен ерекшеленеді.

Қашықтан оқытуды жү­зеге асыруда кездескен тех­ни­ка­лық қиындықтарды қос­па­ғанда, оқушылардың бо­йын­дағы әлеуметтік құн­ды­лықтар кеміп, тәжі­рибе­лік дағдылар төмендеп кетуі мүм­кін. Бұл, әрине цифрлық білім беру ресурсы мұға­лімді алмастыра ал­май­­ты­нының дәлелі. Осы кезең­де пе­дагогтің міндеті – оқушы­ның тапсырманы өз бетінше орын­дауына қолдау көрсету, бағалау жұмыстарын басқару. Осы­ған орай педагог түрлі сер­вис­тер мен интернет тұғыр­на­маларды пайдаланады. Дәл осы міндетті жүзеге асы­ру­да аталған курстың мәні жо­ға­ры болды. «Үйренгенді желге ұшырмай іске асыр» деп Ж.Баласағұн бабамыз айтқандай, бұл дағдылар­ды іске асыру практикамен келе­тіні сөзсіз.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытылу жағдайына келетін болсақ, оқытудың синхронды және синх­ронды емес түрлерін үйлестіре отырып, оқытамыз. Вице-министр Ш.Ка­ринова үй тапсырмасы емес, оқу тап­сырмасы деп түйіндегені өте орын­ды, себебі қашықтан оқыту жағ­дайында отырған баланың тапсырма орын­дауға кеткен уақытын тиімді беру ма­ңызды. Құжаттамаға (ҚР БҒМ №126 бұй­рығына) сәйкес қазақ тілі мен әде­биетінен орындау уақыты 10-30 минутқа шақталған. Ең бастысы, оқу мақсатына сай тапсырманың орындалуы. Осы орайда ата-анаға түсіндіру жұмыстарының көп болуы маңызды. Оқу тапсырмасы бала­ның болашағына салынған инвести­ция екенін түсінген абзал. Дәл бүгінгі тап­сырмалар арқылы бала бойында ақпаратпен жұмыс сауаттылығы, сыни ойлау, жаһандық құзыреттілік т.б. дағдылар қалыптасады. Үй жағдайында отырған баланы қызықтырып тапсырма орындату қиындығын ата-анамен бірге еңсергенде ғана құнды бола­ды. Әдетте өз бетімен орындай алмайтын тапсырма жақсы тапсырма болып есеп­­телмейді. «Бағалау тапсырмасын әзірлеу және сараптау» тақырыбындағы мұғалімдердің біліктілік арттыру курсын жүргізу тәжі­рибемде осы мәселеге көп назар аударамын. Тапсырманы балаға қалай қызықты беруге болады? Оларды не қызықтырады? Жас ерек­шелігіне, деңгейіне сәйкес пе? Тіп­ті грамматиканың өзін өмірмен байланыстырып, жағдаят арқылы берсе, ана­ғұрлым тиімдірек болады.

BilimLand, iMektep.kz сайтын­дағы интерактивті сабақтарды зерделеп қарайтын болсақ, контент негізінде қарапайым деңгейден, орта, жоғары деңгейге дейін тапсырмалар бірнеше нұсқада беріледі. Бала өз бетінше таңдап, мүмкіндігінше орындайды және дұрыс жауаппен өзін тексереді. Аудио, видео нұсқалары да беріледі, себебі «оқытуда сыртқы сезімдердің іске қосылуы, көру, есту, сипап сезу мүшелердің қаты­суы анағұрлым септігін тигі­зеді» деген М.Жұмабаев қағи­датына сәйкес деп түсінген жөн. Қарапайым чаттағы сабақта ең бол­мағанда сурет, таныстырылым көр­сетсек, бала тезірек ұғады. Қасында мұ­ғалім жоқ әрі оған кері байланыс уақы­тында берілмей қалған жағ­дайда бала тап­сыр­маны ең бол­мағанда, дұрыс жауап­пен тексеріп алса, қана­ғат­тана­ды. Сондықтан білу, түсіну деңгейіндегі тапсырмаларды орындап болысымен, дұрыс жауаппен өзін өзі тексеріп алса, тиім­ді болатынын айт­қым келеді. Осы орайда оқу­шы­ларға берілетін кері бай­ланыс­тың оларды шабыттандыратындай берілуі маңызды деп санаймын.

Қазақ әдебиеті бойынша көркем шығармаларды оқыту оңай емес. Оқушының шығар­маны тұтас оқуы қада­ға­ланады, алайда бұл дең­гейге барлық оқушының қол жеткізуі қиынның қиы­ны. Кітап оқуға ынталандыру маңызды. Қазіргі оқушы­­лар мотивациялық кітаптар­ға қызы­ғатындықтан, мотива­циялық сөздер әсер етеді деп ойлаймын. Мысалы, «кез келген оқырман лидер емес, керісінше кез келген лидер оқырман», «әлемдегі ең бай адамдар оқырмандар» т.с.с. Алдымен, шығарма аннотациясы, таныстырылымы, қызықтыруы мықты болуы керек. Сосын бөлімдер бойынша оқуға беріп, оны мазмұнын тексеру тапсырмаларын жауаптарымен дайындап қою маңызды. Егер жұмыстары арнайы дұрыс жауаппен тексерілсе, оқушының оқуға деген жауапкершілігі оянады. Содан кейін берілген оқу мақсаттарына сәйкес талдаулар чатта жүргізеледі немесе басқа да ақпараттық оқыту сервистерінде жүргізіледі. Ең бастысы, мұғалімдер қауымдастығының бірлескен әрекеті, әріптестердің тап­сыр­­маны бірлесе құрас­тыруы, ұйымдастыруы оқы­ту­да өз нәтижесін беретін­­дігі тәжірибеде дәлелденген­діктен, осы үдеріс әр мектеп­тің мызғымайтын тұғыры бола білуі тиіс деп ойлаймын.

 

Гүлмира РЫСКЕЛДИЕВА,

Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназияның үздік педагогі, Білім беру ісінің құрметті қызметкері