Шоқ жұлдыздай шағын ғана Қошқарбай ауылында Ұлы Отан соғысында опат болғандар мен қан майданнан аман-есен оралып, кейін өмірден озған ардагерлерге арналған ескерткіш бой көтерді. Елдік пен ерліктің белгісі іспетті. Кейінгі толқынның құрметі мен қошеметі.

Жаман тұмаудан жасқанып, жамағатты жиып ашылу салтанатын өткізе алмаса да, ас берілмесе де, сауабы мол салиқалы істің жақсы хабары дүйім жұртты елең еткізген. Ауыл шетіне ат табанын іліктіргенде-ақ алыстан андағайлап көзге түсетін сәулетті, мазмұнды, еңселі ескерткіш екен. Ел ағасы, осындағы «Шоққарағай» шаруа қожалығының басшысы Қайыркен Хасеновпен тілдестік. Ел жиылып ескерткіш қойсақ деп осыдан он жыл бұрын оқталған сыңайлы. Әуелі ерлердің тізімі жасалған. Майданда опат болғаны да, ел шетіне аман-сау іліккені де. Арада көп уақыт өтіп кеткен соң сорабын табу оңайға соқпаса керек.
Иманды істің басы-қасында жүрген осы ауылдың тумасы Жанғали Хасеновтың айтуына қарағанда, әкесі Сағдидың есінде жетпіске жуық адам қалыпты. Майдангерлер тізімінен ешкімнің есімі жазатайым қалып қоймас үшін «Боздақтар» жинағының бірнеше томын сүзіп шығуға тура келген. Ауыл ақсақалы Жұмаш Жылқыбаев біраз деректі тірілтіпті. Аудандық әскери комиссариаттың құнды дерекке бөккен қалың кітабы бұл тараптағы ізденістің соңғы нүктесін қойды. Мүлдем хабарсыз кеткен ауылдастар тағдыры айқындалған. Бұл орайда, Зеренді аудандық әскери комиссариатының қызметкерлері Нысанәлі Нәсіпқалиев пен Айнұр Баймекенованың көмегі көп тиген. Әскери комиссариаттың алынған деректе 150 адамның тізімі жасалған. Кейбірі, тіпті бейтаныс. Сөйтсе бұрынғы «Ленин» колхозына қараған Қошқарбай, Кеңөткел, Өндіріс, Еңбек-Бірлік ауылдары тұтас біріктірілген екен. Ара-жігі ажыратып алынды. Бөтендігі жоқ, осы өлкенің өрендері.
Ендігі мәселе – ескерткіш композициясы. Алыстан көз тартатын биік стелла асқақ арман мен өр рухты бейнелеуге тиіс. Әуел бастағы есерткіш орнатудағы мақсат та ерлердің есімдерін ел есінде сақтау ғана емес, кейінгі ұрпақтың бойына рух дарыту, өнеге өрбіту. Осы ойды сәулет тілімен қалыптап, көрген жұрттың көңіліне ой тастау қажет. Жерлес сәулетші Тұрлыбек Кочиков эскизін әзірлеген.
Көктем шығысымен болашақ ескерткіштің аумағына қада қағылған, іле қаржы жинау басталыпты. Ата аруағын асқақтатуға жұрт жұмыла кіріскен. Қолда барын аямаған көрінеді. Құрылыс материалының негізгі деталі – стелланы Қайрат Кенжеғарин тауып берсе, Мекетай Айдарханов пен Сапар Құдайберген ауылға жеткізген. Айгүл Жылқыбаева мен Алмат Балтағарин құжаттарды рәсімдеумен айналысқан. Ал істің жуан ортасында жүрген Қайыркен Хасенов техникасын бөліп, жұмысшыларын жұмылдырып, жетпей жатқан қаржының қомақты бөлігін өзі көтерген. Айтпақшы, осы шаруа қожалығының өз ауылына мектеп, мешіт салып бергендігін айта кетсек те артық болмас. Қазір 25 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазақтың ақбас сиыры мен жылқысын бағып, екі жарым мың гектар жерге егін егіп, ел іргесін бекемдеуге айрықша үлес қосып жүрген азамат.
Қошқарбай ауылынан қан майданға жүзден астам азамат алынған екен. Тең жартысы майдан даласында опат болыпты. Бір шаңырақтан аттанған төрт-бес азаматтың бәрі бірдей опат болып, ұрпақ өрбімегендері де бар екен. Уақыт өте келе, сол боздақтардың аттары ұмытылып, ел есінен біртіндеп өше бастаған. Енді міне, мәңгілік өшпестей қайта жаңғырып отыр. Иманды істің басы-қасында жүрген барша ел азаматтарының ортақ игілікті ісі – бұл.
Ақмола облысы,
Зеренді ауданы
Хромтауда үйде жарылыс болып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
Батырмұрзаев алтын, Дәулетбеков қола алды
Күрес • Кеше
Қазақстан • Кеше
Музей қоры құнды картиналармен толықты
Өнер • Кеше
Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзгелерді тамсантсақ өнерменен
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Ғылым мен «жасыл экономика» симбиозы
Ғылым • Кеше
Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі
Ғылым • Кеше
Қазақстан • Кеше
Азаттық үшін күрестің бір айғағы
Тарих • Кеше
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?
Аймақтар • Кеше
Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды
Аймақтар • Кеше
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады
Елорда • Кеше
11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні
Медицина • Кеше
Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысында каналда балық аулауға тыйым салынады
Аймақтар • Кеше
Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасына иелік етті
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде су тасқынынан 20 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда Lexus көлігі жедел жәрдемнің өтуіне кедергі жасады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде такси жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті
Аймақтар • Кеше
Боралдай ауруханасының дәрігерлері антына берік
Медицина • Кеше
Алматыда карантинді бұзған нысандар белгілі болды
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 5 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1222 науқас коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 2842 адамда коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Әйелдер күресіне жерлестерімізге жалғыз жолдама бұйырды
Спорт • 10 Сәуір, 2021
Көкшетауда сауда үйінің терезесінен құлаған жігіт мерт болды
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Зооволонтерлердің бастамаларын қолдауға қанша грант бөлінді?
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • 10 Сәуір, 2021
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • 10 Сәуір, 2021
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • 10 Сәуір, 2021
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • 10 Сәуір, 2021
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • 10 Сәуір, 2021
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • 10 Сәуір, 2021
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • 10 Сәуір, 2021
«Орталық Азия» халықаралық сауда орталығы құрылатын болды
Үкімет • 10 Сәуір, 2021
«Mega Silk Way» сауда орталығында індетке қарсы вакциналау басталды
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • 10 Сәуір, 2021
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • 10 Сәуір, 2021
Нұрсұлтан Тұрсынов Алматыдағы турнирдің жеңімпазы атанды
Спорт • 10 Сәуір, 2021
Риддерде жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Аида Балаева журналистермен этносаяси сауаттылықты дамыту қажеттілігін талқылады
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • 10 Сәуір, 2021
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • 10 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар