Медицина • 18 Тамыз, 2020

Қазақстанда 13 инфекциялық аурухана салынады

672 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасын салу жоспарлануда. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда 13 инфекциялық аурухана салынады

"13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады,. Бұл бес мың тұрақты жұмыс орнын ашады", деді Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында.

Ол отырыста ұсынған слайдтарға сәйкес ауруханалар модульді болады. Оларды "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында салу жоспарлануда.

Ауруханалар 2,7 мың жаңа орынға есептелген.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.