Қоғам • 18 Тамыз, 2020

Қазақстандықтар балық өнімін неліктен аз тұтынады?

646 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан жан басына шаққанда балық өнімдерін аз тұтынады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандықтар балық өнімін неліктен аз тұтынады?

"Егер ДДҰ бір адамға жылына кемінде 16 келі балық өнімін тұтынуды ұсынса, онда Қазақстанда бұл сан 4 келіден де аз болады. Өз кезегінде көршілес Ресей мен Қытайда бір адамға тиісінше 20-40 келі тұтынылады", деді Мағзұм Мырзағалиев. Министр шекаралас аймақтарды ескере отырып, балық өнімдерін экспорттау үшін әлеуетті 3 млн тоннадан арттыруды қажет екенін айтты.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 1000-нан астам балық шаруашылығы субъектілері жұмыс істейді. Оларға 1646 балық шаруашылығы су айдындары мен олардың учаскелері бекітілген. Салада 11 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2019 жылы 45 мың тонна балық ауланған.

"Негізгі балық аулау Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында қалыпты жүргізіледі", деп қортындылады министр.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.