25 Қазан, 2013

Сенім грамотасын тапсырды

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

DSC00164Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, елшілік қызметті Аргентина Республикасы мен Чили Республикасында қоса атқарушы Бақытжан Ордабаев Аргентина Республикасының Вице-президенті – Сенат төрағасы Амадо Будуға Сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

DSC00164

Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, елшілік қызметті Аргентина Республикасы мен Чили Республикасында қоса атқарушы Бақытжан Ордабаев Аргентина Республикасының Вице-президенті – Сенат төрағасы Амадо Будуға Сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Сенім грамотасын тапсыру салтанаты Аргентина Президентінің сарайында өтті. Грамота тапсыру рәсімінен кейін өте жылы, достастық рухта өткен кездесуде Б.Ордабаев Вице-президент А.Будуды Қазақстанның бүгінгі таңда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалы, мемлекетті одан әрі дамытуға бағытталған іс-шаралар жөнінде хабардар етті. Қазақстандық дипломат Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың адамзатты ядролық қарудан азат ету және таратпау бойынша бастамаларын бүгінде халықаралық қоғамдастықтың жаһандық деңгейде танып отырғандығына назар аударды.

Сонымен қатар, Қазақстан-Аргентина серіктестігін дамыту, сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылым, энергетика және басқа салалардағы өзара әрекеттестікті ілгерілету, Қазақстан Республикасының 2017-2018 жылдары   БҰҰ ҚК-нің Тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдау, сондай-ақ 2014 жылғы 21-23 мамырда өтетін Астана экономикалық форумына Аргентина іскер топтарының қатысуы, ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық көрмесінде Аргентина павильонын салу сияқты мәселелер талқыланды.

А.Буду елшіні Сенім грамотасын тапсыруымен құттықтай отырып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан халқына зор табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19