Елорда • 18 Тамыз, 2020

"Астана – адалдық алаңы" үйлердің жөндеу сапасын тексерді

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы Нұр-Сұлтанда "Нұрлы жер-2025" бағдарламасы арқылы 19 көпқабатты үйді жөндеу жоспарланған. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

"Астана – адалдық алаңы" үйлердің жөндеу сапасын тексерді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасымен бірлесіп, "Нұрлы жер-2025" – Алматы және Байқоңыр аудандарында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша Сәтпаев көшесі, 8; Қажымұқан, 14/1; Абай, 80/1 және Абай, 80/2 мекен-жайы бойынша тұрғын үйлерге мониторинг жүргізді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі "Нұрлы жер-2025" бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысуда. Бағдарлама аясында көппәтерлі үйлерді жөндеу қайтару механизмі қағидатымен жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні көппәтерлі үйлердің кіреберісі, шатыры мен жертөлесін жөндеу жүргізілуде. Айдың соңында нысандар пайдалануға беріледі. Мониторинг барысында тұрғындардың тілектері тыңдалды. Сондай-ақ бұзушылықтар анықталып, мердігерлерге оларды жою туралы нұсқау берілді.

2020 жылы Нұр-Сұлтанда бағдарлама бойынша республикалық және жергілікті бюджеттен 19 көппәтерлі үйді жөндеу жоспарланған.

"Жоспарланған жөндеу жұмыстары кезінде қаланың әр ауданында көппәтерлі үйлердің мониторингі жүргізіледі", деді қала әкімдігінің "Астана – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.