Саясат • 19 Тамыз, 2020

Жемқорлық тәуекелдерін жою мәселесі қозғалды

206 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен консультативтік жиналыс өтті. Күн тәртібінде министрлік пен оның комитеттерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері талқыланды.

Жемқорлық тәуекелдерін жою мәселесі қозғалды

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы қызмет су ресурстары, эко­логиялық реттеу және бақылау, сондай-ақ орман шаруашылы­ғы мен жануарлар дүниесі коми­тет­терінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. «Біз сыбайлас жем­қорлықтың себептері мен жағ­­дайларын жою бойынша нақты ұсыныстар тізбегін ұсын­дық. Алайда оларды іске асыру­дың табыстылығы те­рең, әрі дербес ішкі талдауды қа­жет етеді. Бұл мемлекеттік ор­ган­дар үшін аксиомаға айна­луы тиіс. Мәселен, әркім өз олқы­лықтарын басқаларға қарағанда жақсы біледі», деді агенттік төр­ағасының бірінші орынбасары О.Бектенов.

Су ресурстары комитеті мен оның ведомстволық ба­ғы­ныш­ты мекемелерінің ұйым­дас­ты­рушылық-басқарушылық қыз­­метіне ерекше назар ауда­рыл­ды. Атап айтқанда, су шаруа­шылығы, мемлекеттік сатып алу, бақылау функциялары мен персоналды басқаруда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері. Экологиялық реттеу және бақылау, орман ша­руашылығы және жануарлар дү­ниесі комитеттерінде тәуе­кел­дерді тексеру іс-шаралары ке­зеңдері мен бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз етуде зиянды өтеу жә­не бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар белгіленген.

Агенттік әкімшілік тәжірибені ретке келтіруді ұсынды, ол бүгінде тәжірибелік іске асырудағы әр­түр­лілігімен сипатталады, яғни, бірдей әрекеттер үшін әртүрлі санкциялар қолданылады, ал айып­пұл келтірілген залалға сәй­кес келмейді. Ұсыныстарды іске асыру аясында министрлік мем­лекеттік экологиялық бақы­лау жүргізу тәртібінің мерзім­де­рі, залалды белгілеу және есеп­теу тәртібі, анықталған бұзушы­лықтарды жоюға ұйғарым жасау және жіберу бөлігінде ережесін әзірледі.

Экология, гео­логия жә­­­не та­­­­биғи ресурстар ми­нис­трі М.Мыр­­­­­­­зағалиев ведом­ст­во қыз­­мет­­­­­кер­леріне транс­­па­рент­ті­лік қа­ғи­­­­дат­тарын сақ­­тау және нор­ма­ларды түсін­діруде кез келген екіжақтылықты болдыр­майтын нақты рәсімдерді бел­гілеу арқылы ғана экология са­ла­сындағы сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы іс-қимылда нақ­ты нәтижелерге қол жеткізуге бола­тынын атап өтті.