Осындай қайырымдылық шарасын жақында имандылықтың ордасы саналатын Нұр-Сұлтан қаласындағы Әзірет Сұлтан мешіті жасады. Мешіттің бас имамы Ерболат Жүсіповтің бастамасымен «Астана қаласы мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен «Семей-ЯП» қоғамдық қорына қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмек қолын созды.
– Осындай қиын-қыстау кезеңде мүгедек, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп отырған Әзірет Сұлтан мешітінің ұжымына, оның бас имамы Ерболат Жүсіповке алғысымызды жеткізгіміз келеді. Мешіт атынан біздің мүшелерімізге елуге тарта азық-түлік себетін таратты. Алланың нұры жаусын! Қайырымды жандарға үлкен алғысымызды білдіреміз, – дейді «Астана қаласы мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен «Семей-ЯП» қоғамдық қорының төрағасы Болатбек Әбдікәрім.
Мешіттің бас имамы қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасатынын, аталған қоғамдық бірлестік пен қоғамдық қордың көмекке мұқтаж азаматтарын әркез қолдап, көмек көрсететіндерін жеткізді.