Қоғам • 19 Тамыз, 2020

Астық сатуды жалғастыруда

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ ұн тартатын және құс өсіретін кәсіпорындарға астық сатуды жалғастыруда.

Астық сатуды жалғастыруда

Ішкі нарықтың астыққа қажет­тілігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы егін түскенге дейін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ биылғы 1 сәуірден бастап ұн тартатын кәсіпорындар мен құс өсіру шаруашылықтарына 3 және 4 сыныпты жұмсақ бидайды сатуда.

Бүгінде аталған АӨК субъек­тілеріне Азық-түлік келісімшарт корпорациясының 90 мың тоннадан астам астығы, оның ішінде Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қа­рағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақ­стан облыстарының ұн тар­татын мекемелеріне – 65,6 мың тонна; Шымкент қаласы, Ақмо­ла, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қа­зақстан, Батыс Қазақстан, Қа­ра­ғанды облыстарының құс шаруа­шы­лықтарына 24,8 мың тонна жө­нелтілді.

Астықты сату «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ арқылы ұн тарту және құс ша­руашылығы кәсіпорындарына арналған сауда-саттық үшін арнайы құрылған секциядағы қосарланған қарсы аукциондар режімінде жүзеге асырылады. Астықты босатуды Азық-түлік келісімшарт корпора­ция­сы уәкілеттік берген астық қа­былдау кәсіпорындары жүргізеді.

Ішкі нарықта кепілді жет­кізу мақсатында Азық-түлік келісім­шарт корпорациясы ұн тартатын кәсіпорындар мен құс шаруа­шы­­лықтарына астық сатуды тоқтат­пауды жоспарлап отыр.

Әлеуетті сатып алушылардың сауал­­дары болса Азық-түлік келі­сім­­шарт корпорациясының қызмет­кер­лері «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ сауда шарттары мен ережелерін түсіндіруге дайын.