Оқиға • 19 Тамыз, 2020

«Жануарлар – менің достарым!»

1085 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жуырда «Жануарлар – менің достарым!» атты балалар суретінің республикалық конкурсы мәресіне жетті. Жеңімпаздар есімі бүгін байқаудың бас демеушісі Edu Stream компаниясының Youtube парақшасында онлайн марапаттау салтанатында жарияланады. Топ жарып шыққан 12 бала пандемиядан кейін Венаға сапарлайтын болады.

«Жануарлар – менің достарым!»

Конкурсты ұйымдастыру­шылардың мақсаты – адам­заттың санасына ой салып, жануарларға деген қатігездік пен қоршаған ортаға нем­құ­райлы қарамауды бала кезден бойға сіңіру. Байқау діттеген мақсатына жетті десе болады. Туындымен бірге эссе жазып жіберген жас суретшілер, үлкендерді аң аулауды доғарып, табиғатты аялауға шақырды.

– Бұл көз – халық көзі. Та­­биғаттың ластанып бара жат­­қа­нын көріп тұрған елдің көз жа­сы. Әр адам өз елінің көркейуіне үлес қосуы қажет. Табиғатты қорғау – парыз. Кей адамдар оны түсінбейді, тү­сінгісі де келмейді. Айналаны ластап, денсаулыққа зиян әкелуде. Бүкіл халық болып экологияны, қоршаған ортаны тазартуға тырыссақ, ауа таза болар еді. Әр сенбі сайы­н сенбілікке шық­сақ, көктем мезгілінде бұтақ отырғызсақ, өз қоқысымызды әр жерге емес, қоқыс жәшігіне лақ­тырсақ же­ріміз де қалдыққа толмас еді. Сол себепті табиғатты қор­ғауға шақырамын, – дейді 11 жасар атыраулық Руслан Джаб­баров.

1

1 сәуірде бастау алған бай­қауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 4 мыңнан астам бала қатысты. Жеңімпаздар төрт жас тобы бойынша марапатталады. Ұйымдастырушылар онлайн марапаттың ерекше болатынын алға тартады. Бас жүлдемен қатар, барлық қатысушыға арналған сыйлық бар.

– Жануарларды қорғау та­қырыбы қазір өте өзекті. Осынша бала атсалысып, тақы­рыпты аша білгені қуантады. Кейбір туындылар қатты таң­ғалдырды, тіпті оны бала салды дегенге сенбейсің. Неге де­сеңіз, суреттер сапалы және онда терең ой жатыр, – дейді қазылар алқасының мүшесі, БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының қызметкері Олжас Атымтаев.

1

Қазылар мүшесінің құра­мында Қазақстанның көр­кемөнер академиясының ака­демигі, график, иллюстра­циялаушы Бубэ Нелли, Т.Жүр­генов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры Ольга Батурина, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Ға­лам­дық коммуникация де­пар­таментінің жетекшісі Влас­тимил Самек, эко-белсенді, балалар мен жасөспірімдер фестивалінің кураторы, «Ба­лалар әлемді бейнелейді» қо­ғамдық қорының директоры Мөлдір Бекжан бар.

Конкурс Қазақстан Прези­дентінің қамқорлығымен БҰҰ қоршаған ортаны қор­ғау бағдарламасының Дүние­жүзілік қоршаған ортаны қор­ғау күні аясында Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, «Балалар әлемді бейнелейді» қоғамдық қоры, бас серіктес «Edu Stream» компаниясының және «Тех­нодом» мен «Настоящий Бура­тино» серіктестерінің қаты­суымен өтеді.

Жас суретшілердің туындыларымен www.alembala.kz және www.drmfund.com сілтемеден таныса аласыздар.

 1