Президент • 19 Тамыз, 2020

Қылмыс деңгейі төмендеп келеді

138 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұр­дәу­летовті қабыл­дады, деп хабарлады Прези­денттің баспасөз қызметі.

Қылмыс деңгейі төмендеп келеді

Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

Кездесуде Бас прокурор Қа­зақстан Президентінің дағда­рысқа қарсы шараларды жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау жөнінде берген тапсыр­ма­ларының орындалу барысы туралы ақпарат берді.

Ғизат Нұрдәулетов жол жөн­­деуге және әлеуметтік ин­фра­құ­рылым нысандарын салу­ға ба­ғытталған 130 тендер өткі­зу кезінде заңсыздықтар анық­тал­­ғанын айтты. Соның арқа­сында 16,5 миллиард теңге көле­м­ін­дегі бюджет сомасы сақта­лып қалған. Сонымен қатар «Жұ­мыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жал­ған жұмыспен қамтудың 6 мың фактісі белгілі болған.

Бас прокурор дәрі-дәрмек да­йын­дау бойынша бірқатар заң бұ­зушылықтардың жолы кесілгені жайында баяндады. Оның айтуынша, дәрі-дәрмектерді өз құ­ны­нан жоғары бағамен сатып алу, мемлекеттік сатып алу про­цедураларының жүйелі түрде бұзылуы, тиімсіз жоспар­лау мен бағаны бұрмалау фактілері анықталған. Құқық қорғау орган­дары заңсыз айналымнан 400 000 бума дәрі-дәрмек пен жал­пы сомасы 1 миллиард тең­гені құрайтын 12 миллион ме­ди­циналық бетперде тәркілеген.

Сондай-ақ Ғизат Нұрдәулетов қылмыс деңгейінің 35%-ға қыс­қар­ғанын атап өтті. Ал ұрлық жа­сау, тонау, бұзақылық және зор­лау екі есе азайған.

Прокурорлар азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында биыл 54 адамға қатысты дәлел­сіз қозғалған қылмыстық істі тоқ­татқан, сонымен қатар қыз­меттік мекемелер мен изолятор­лар­дан 500 адам босатылған. Проку­рор­лардың нақты жұмысының нәти­жесінде 585 азаматқа қатыс­ты сот шешімдері заңға сәйкес­тен­дірілген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіп бұзу­шылықтардың алдын алып, кінә­лілерді жазалауда нақты іс-қимыл қабылдау арқылы дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асуын бақылауды жалғастыру ке­рек деп тапсырды. Бұдан бөлек Президент құқық қорғау орган­дарының қылмыспен күрес қызметін үйлестіруді күшейту қажет екенін атап өтті.