Қазақстан • 19 Тамыз, 2020

Қорғаныс министрлігі Ресей әуежайында "сынып тұрған" ұшақ туралы түсініктеме берді

604 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігі Ресей әуежайында "қанаты сынып тұрған қазақстандық ұшақ" туралы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі Ресей әуежайында "сынып тұрған" ұшақ туралы түсініктеме берді

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында қанаты сынды делінген қазақстандық ұшақ "Толмачево" әуежайында (Новосібір қ.) екендігі туралы хабарлама пайда болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасалып, аталған ұшақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің балансында тұрғаны айтылған. Аталған ақпарат бойынша Қорғаныс министрлігі келесіні хабарлайды.

Қазақстан Әcкери-әуе күштерінің (әуе басқару пунктінің) ұшағы жоспар бойынша техникалық қызмет көрсетуден өту үшін Ресей Федерациясы Новосібір қаласындағы "ОО S-7 ИНЖИНИРИНГ" кәсіпорнында тұр. Жөндеу жұмыстары барысында фюзеляждың жеке бөліктеріне және басқа да түйіндері мен агрегаттарына  уақытша бөлшектеу жұмыстары қажет болуы мүмкін. Бұл жерде таңқаларлық ештеңе жоқ, жұмыс жоспарлы түрде өткізіліп жатыр.

Қорғаныс министрлігі БАҚ өкілдеріне ресми дереккөздермен расталған және тексерілген ақпаратты пайдалануды ұсынады және сенсацияға ұмтылмауға шақырады", - делінген хабарламада.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.