25 Қазан, 2013

Еңбек адамының өмірі үшін

255 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында Рудный қаласында қол қойылған меморандум ENRC корпорациясының құрамындағы Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігінің қызметкерлеріне арналған әлеуметтік бағдарламалардың ауқымын кеңейтті. Құжатқа бірлестіктің бірінші басшысы Мұхамеджан Турдахунов пен кәсіпорын кәсіподағының төрайымы Татьяна Шерстобитова қол қойды.

 

Жақында Рудный қаласында қол қойылған меморандум ENRC корпорациясының құрамындағы Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігінің қызметкерлеріне арналған әлеуметтік бағдарламалардың ауқымын кеңейтті. Құжатқа бірлестіктің бірінші басшысы Мұхамеджан Турдахунов пен кәсіпорын кәсіподағының төрайымы Татьяна Шерстобитова қол қойды.

Аталған меморандум кәсіп­­орындағы ұжымдық келі­сім­шарттың орнына қабылданды.

– ССКӨБ кәсіподағының қызметі кәсіпорынның мыңдаған қызметкерлерімен тығыз бай­ланыс­ты, – дейді кәсіпорын пре­зиденті Мұхамеджан Турдахунов. – Кәсіп­одақ өте маңызды және сенімді серіктес екендігін уақыт көрсетті. Өте күрделі мәселелерді шеш­кенде де басшылық пен кәсіп­одақ әрқашан ортақ келісімге келуге ұмтылады. Соның арқасында біз кәсіпорынды сақтап қалып, өндіріс көлемін өсіріп жатырмыз, болашаққа сеніммен қараймыз.

Жаңа құжат қызметкердің әлеуметтік кепілдерінің тізімін кеңейтті. Мысалы, әйелдердің декреттік демалысқа шыққанға дейінгі қосымша ақылы демалысы 18 күннен 24 күнге дейін ұзартылды. Сонымен қатар, жыл сайын кәсіпорын ардагерлеріне арналып «Рассвет» емдеу-сауықтыру орталығына 120 жолдама беріледі. Басшылықтың сөзінше, өндіріс көлемінің өсіміне қарай әлеуметтік пакет те кеңейтіледі.

– Ұжымдық келісімшартқа қол қою – кәсіпорын өміріндегі елеулі оқиға, – деп атап өтті «ССКӨБ» АҚ кәсіподақ басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Татьяна Шерстобитова. – Еліміздегі ең үздік кәсіподақ дәрежесін сақтап қалу үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.

Меморандумға қол қою салтанатты жағдайда басшылық пен кәсіпорын бөлімшелеріндегі кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Зор ықыласпен қабыл­дан­ған жаңа құжат жемісті жұмысқа негіз болмақ.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19