Коронавирус • 19 Тамыз, 2020

Коронавирус жұқтырған 7 383 науқас стационарларда жатыр

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 19 тамызда коронавирустық инфекциямен ауырып жатқандар туралы ақпарат таратты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 7 383 науқас стационарларда жатыр

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 15 839 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 71 өскіншек бала бар. Стационарларда 7 383 науқас жатыр. 8 456 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, жалпы науқастардың арасында 366 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 90 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 59 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.