Қоғам • 19 Тамыз, 2020

Нұр-Сұлтанда дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жаңа форматта жүргізілуде

392 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаладағы білікті теолог, дінтанушы және психолог мамандар халықты аралап, онлай-кездесулер де ұйымдастыруда, - деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жаңа форматта жүргізілуде

Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері басқармасының және Дін мәселелерін зерттеу орталығының бастамасымен 17 тамыздан бастап елорда халқы арасында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жаңа форматта өткізілуде.

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, қаламыздың білікті теолог, дінтанушы және психолог мамандары «Биг Шанхай», «Шарын», «Алаш», «Көк базар», «Орталық» базарлары, «Ажар», «Әлем», «Ырысты», «Астаналық» сауда үйлерінің қызметкерлері мен саудагерлерімен кездесіп, дін саласындағы маңызды ақпараттармен бөлісті.

Іс-шара барысында тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының Дін саласындағы Заңнамалық акттерінің нормалары, деструктивті діни ағымдардың қаупі, олардан сақтану мен таралуының алдын-алу мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, дін саласындағы пайдалы ақпараттар көрсетілген ақпараттық брошюралар таратылып, «іKOMEK 109» бірыңғай байланыс орталығының дін саласы бойынша кеңес алу мүмкіндігі туралы ақпараттар берілді.

Қазіргі таңда ақпараттық түсіндіру-жұмыстары екі негізгі бағытта жүргізілуде: «Elorda_cipr» инстаграм парақшасы арқылы күнделікті тікелей эфирдегі онлайн дәрістер және елорда мекемелері мен ұйымдарындағы дәріскерлердің қатысуымен өтетін оффлайн форматтағы кездесулер. Барлық дәрістерде тыңдаушыларды қызықтыратын сұрақтарға толыққанды ақпараттар берілуде.

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты, аталған кездесулерді жылдың соңына дейін өткізу жоспарлануда.

Естеріңізгі сала кетсек, Қазақстан Республикасын діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында, білікті мамандардан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы зайырлылық, қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын насихаттайды.

Дінге қатысты мәселелер бойынша білікті маманнан кеңес алуға ниет білдірушілер үшін немесе көмекке мұқтаж жандар үшін 109 iKOMEK нөміріне хабарласуға болады.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.