25 Қазан, 2013

Маңызды жаңалықтар күтілуде

313 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында Ядролық физика институтында «Ядролық және радиациялық физика» деп аталатын тоғызыншы халықаралық конференция өтті. Конференция аясында Азиядағы ядролық әріптестікке байланысты форум FNCA кеңесі өзінің жұмысын жүргізді. Жиынға орай Қазақстанға Германия, Италия, АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония сияқты 26 елден 200 ядрошы ғалымдар мен эколог мамандар қатысты. Конференцияда ЭКСПО-2017 көрмесінің маңыздылығы жайлы Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры, ғалым Ерлан Батырбеков баяндама жасап, Қазақстан бойынша жылдам нейтрондағы энергияның дамуына тоқталып өтті.

 

Жақында Ядролық физика институтында «Ядролық және радиациялық физика» деп аталатын тоғызыншы халықаралық конференция өтті. Конференция аясында Азиядағы ядролық әріптестікке байланысты форум FNCA кеңесі өзінің жұмысын жүргізді. Жиынға орай Қазақстанға Германия, Италия, АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония сияқты 26 елден 200 ядрошы ғалымдар мен эколог мамандар қатысты. Конференцияда ЭКСПО-2017 көрмесінің маңыздылығы жайлы Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры, ғалым Ерлан Батырбеков баяндама жасап, Қазақстан бойынша жылдам нейтрондағы энергияның дамуына тоқталып өтті. Еліміз Токамак КТМ термоядролық реакторы мәселелері жөнінде әлемнің озық елдерімен ғылыми әріптестікке қол жеткізуде. Радиациялық экология проблемасы да жиыннан тыс қалмады. Елбасының ұсынысымен ядролық медицина дамып келеді. Адам денсаулығын емдеп, өмірін ұзартуда ғалымдардың жаңалықтары Астана, Алматы, Семей, Қарағанды, Ақтөбе қалаларындағы радиациялық медицина саласын ілгерілетуге мүмкіндік туғызып отыр. Семейдегі онкологиялық диспансер мәселен, брахитерапия және КТ-стимулятор аппараттарымен дәл қазіргі уақытта қамтамасыз етіліп, 2014 жылы магнитті-резонансты томограф сияқты басқа да маңызды жабдықтарға қол жеткізбек. Бұлардың барлығы да ядролық радиациялық физика мен медицинаның тығыз байланыста дамуы деп атап өтті жиынға қатысқан «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоев. Сондықтан Қазақстандағы атом энергетикасы саласы ЭКСПО-2017-ні адам тіршілігіне аса қажетті тың жаңалықтарымен қарсы алуға дайындалу үстінде.

Раушан НҰҒЫМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19