Қазақстан • 19 Тамыз, 2020

Алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы сақталады

1625 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК 20-22 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы сақталады

"Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік циклонның келуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Аптаның соңында оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Дауыл, бұршақ түсуі мүмкін. Содан кейін қысқа антициклон жылжып, жауын-шашынның тоқтатылуы және батыста ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді", - делінген хабарламада.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.