25 Қазан, 2013

Берндегі екіжақты кездесулер

234 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

4-1Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры лауазымындағы қызметінің аяқталуына байланысты Бернде Швейцария басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры лауазымындағы қызметінің аяқталуына байланысты Бернде Швейцария басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

4-1

Швейцария Конфедера­ция­сының Вице-президенті, Феде­рал­дық Сыртқы іс­тер кеңесшісі (министрі) Дидье Буркхальтер БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің бас­тығы лауазымындағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұ­мы­сы­ның нәтижесін жоғары бағалап, оның жаһандық ха­лық­аралық орталық ретінде Женеваның нығаюына едәуір үлес қосқанын айрықша атап өтті.

Қ.Тоқаев Швейцария үкіме­тіне БҰҰ құрылымдары­на ұдайы жәрдемі үшін алғы­сын айтты. Жыл сайын БҰҰ жүйесінің онда­ған құрылымдары мен кон­фе­ренция­лары үшін «баспана» ретіндегі ғана емес, күрделі мәселелер мен қақтығыстарды реттеу жөніндегі негізгі алаң ретіндегі Женеваның жаһандық рөлі арта түсуде.

Әңгіме барысында Астана мен Берннің халықаралық арена­дағы ынтымақтастығы, әсі­ресе, Швейцарияның 2014 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және 2017-2018 жылдарда Қа­зақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшесі болуына үміткерлігін ілгерілету тұрғысындағы мәселелер қаралды.

Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының Швейцария Кантон­дары кеңесінің Президенті Фи­липпо Ломбардимен кездесуінде парламентаралық байланыстардың келешегі талқыланды. Онда ЕҚЫҰ және Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеялары аясындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ заңнама әзірлеу саласында тәжірибе алмасу туралы әңгіме болды. Қ.Тоқаев қазақстандық парламентарийзмнің қазіргі замандағы даму кезеңдері, саяси партиялардың қызметі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тиімді парламенттік және қоғамдық бақылауды қам­тамасыз ету жөніндегі бастамалары туралы әңгімеледі.

Қ.Тоқаев Қазақстанның «жасыл экономиканы» дамыту, балама энергетика, ауыл ша­руашылығы және көлік саласында Швейцариямен әріптестікті мақсат етіп отырғанын атап өтті. Астанадағы ЭКСПО-2017 ха­лықаралық көрмесі осындай әріптестік үшін тамаша мүм­кіндіктер береді.

Сенат Төрағасы швейцариялық әріптесін Астанаға сапармен келуге шақырды. Ф.Ломбарди шақыруды алғыспен қабыл алып, Қазақстанға үстіміздегі жылдың қарашасында келуге әзірлігін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19