Қоғам • 20 Тамыз, 2020

Қазақстандықтарға тоқтатылған әуе рейстері үшін 60 млн теңге қайтарылады

823 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов тоқтатылған әуе рейстері үшін ақшаны қайтару бойынша азаматтардың шағымдарын қарастырып жатқанын онлайн брифингте атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандықтарға тоқтатылған әуе рейстері үшін 60 млн теңге қайтарылады

Министр атап өткендей, Сауда министрлігіне қарасты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне азаматтар түрлі мәселелер бойынша, соның ішінде тоқтатылған әуе рейстері үшін ақшаны қайтару мәселесі жөнінде жиі шағымданады.

"Біз азаматтардың өтініштері негізінде үш сериялы талап-арыз ұйымдастырдық. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өтініштер бойынша жұмыс істейді. Өткен жылы олардың саны 8 мыңға жетті. Пандемия уақытындағы әуе рейстеріне қатысты шағымдар көптеп түсе бастады. Нәтижесінде, 990 азаматтың өтініші сотта қанағаттандырылып 60 млн теңге қайтарылып берілетін болды. Осыған сәйкес сот процедуралары жүргізіліп жатыр", дейді министр.

Бұдан бөлек, Бақыт Сұлтанов Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне келіп түскен тағы 300 өтініш бойынша ведомствоның жұмыс істейтінін толықтырып өтті.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.