Аймақтар • 20 Тамыз, 2020

Бурабай баурайында жаңа аттракциондар паркі ашылады

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бурабай баурайында жаңа аттракциондар паркі ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бурабай баурайында жаңа аттракциондар паркі ашылады

Бурабайда  биіктігі 42 метрлік шолу шеңбері салынып жатыр. Жаңа нысанның бой көтеруі демалушылардың назарын аудармақ.

Сонымен бірге отбасылық, балалар және экстремальды бағыттағы аттракциондар ашу да қарастырылған. Нысан құрылысы "Щучье-Бурабай курорты аймағын дамыту" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылуда. Шолу шеңбері мен түрлі қызықты аттракциондар Бурабай курортына демалуға келетін туристердің көңіл көтеріп, демалатын сүйікті орнына айналады деген сенім бар.

– Бұл жалпы құны 347 миллион теңгені құрайтын инвестициялық жоба. Оны инвестор "Колесо удачи" ЖШС жүзеге асыруда. Нысан Бурабай кентіндегі «Бурабай даму» ЖШС визит орталығының аумағында орналасады. Оны үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған, – дейді Азамат Баймұқанов.

Шолу шеңбері Бурабай тұрғындары мен қонақтарына курорты аймақтың көркін жыл бойы тамашалауға мүмкіндік береді. Аттракцион тәулік бойы қызмет көрсетіп, онда 15 адам жұмыс істейтін болады. Айта кетейік, "Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2025 жылға қарай курортты  өңірге келетін туристер санын 1,6 миллионға жеткізу жоспарланған.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.