Коронавирус • 20 Тамыз, 2020

Колумбия COVID-19 құрсауында

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарты миллион колумбиялық КВИ құрсауында. Бұл жайында елдің Денсаулық және әлеуметтік қорғау министрлігінің Twitter-дегі жазбасына сілтеме жасап REGNUM хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz

Колумбия COVID-19 құрсауында

Бір тәулікте Колумбияда 13 мың, егер дәлірек айтсақ 13 056 адамның вирус жұқтырғаны тіркеліпті. Осылайша Колумбия жұртында SARS-CoV-2 тырнағына іліккендер саны 502 178 құраған. 20 тамыздағы мәліметке қарағанда 360 науқастың дәм-тұзы таусылып, ел көлемінде жалпы дүние салғандар 15 979 адам болып отыр екен. 326 298 науқастың ауруды жеңіп шыққаны да тіркелген көрінеді.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.