Аймақтар • 20 Тамыз, 2020

Алматы дәрігерлері жүкті әйелдерге індет жайлы онлайн-конференция өткізді

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болашақ аналар коронавирус инфекциясы туралы нені білуі керек? №2 қалалық емхананың дәрігерлері жүкті әйелдермен ZOOM қосымшасы арқылы конференция өткізіп, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы дәрігерлері жүкті әйелдерге індет жайлы онлайн-конференция өткізді

ZOOM қосымшасы арқылы өткен конференцияға емхана дәрігерлері, сондай-ақ 10 шақты жүкті әйел қатысты. Олар төмендегі сұрақтар бойынша ақыл-кеңес пен жауап алды:

  1. COVID-19 инфекциясы болған жағдайда "Кесарь тілігін" жасау керек пе?
  2. Вирус ұрыққа анадан беріле ме?
  3. Коронавирус инфекциясынан қалай сақтануға болады?

Дәрігерлердің айтуынша, COVID-19 вирусы бар жүкті әйелдерге "Кесарь тілігін" жасау міндетті емес. Босану процесінде хирургиялық тәсілді тек акушерлік көрсетілімдер мен белгілер болған кезде ғана жасалады. Шет мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, вирус жұқтырған аналардан туылған балалар вирусқа оң нәтижесін берген жоқ. Ал, коронавирусты жұқтырмас үшін жеке гигиена мен маска режимін сақтау қажет.

Жүкті әйелде төмендегі белгілер пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгінуі керектігін дәрігерлер ескертеді:

  • Дене қызуының жоғары болуы
  • Жөтел
  • Тыныс алудың қиындауы
  • Әлсіздік
  • Бас ауруы
  • Бұлшық еттердің ауырсынуы
  • Жүрек айнуы
  • Құсу
  • Диарея

Медицина мамандары мұндай ақыл-кеңестерді әр 10 күн сайын өткізуді жоспарлап отыр. Дәрігерлердің келесі онлайн-конференциясы мүгедек жандармен өтеді.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.