Медицина • 20 Тамыз, 2020

Алматыда індет жұқтырғандарды ауруханаға жатқызу мен ауруды басқару моделі таныстырылды

232 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл күндері мегаполисте эпидемиялық ахуал тұрақтанғанымен, көптеген мекеме мен кәсіпорын жұмысының қайта жандануы індеттің қайта өршуіне әкеліп соқтыруы ғажап емес. Өмір осы арнасынан ауытқымауы үшін мегаполисте атқарылып отырған шаралар легі аз емес.  Сонымен Алматыда "COVID-19 вирусын жұқтырғандар науқастарды ауруханаға жатқызу және ауруды басқару моделі" таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда індет жұқтырғандарды ауруханаға жатқызу мен ауруды басқару моделі таныстырылды

COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды ауруханаға жатқызу және ауруды басқару моделі алдағы жағдайды болжау және ауруханаға жатқызу жүйесін басқару үшін жасалған.

Бағдарлама денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейіне негізделеді және науқастарды стационарларға дұрыс бөлуді көздейді. Бұл процесстегі негізгі реттеуші жедел медициналық көмегі болып табылады, олар шақыру түскен соң-ақ аурудың ауырлық дәрежесін анықтап, егер аурудың жеңіл түрі болса науқастарды емханаларға жіберіп, ал инфекцияның қиын түрі болған жағдайда ауруханаға жатқызуы керек.

Қазіргі таңда Алматы қаласында 6000 төсек-орын ашылған, оны тағы да 1000 төсек-орынға арттыру жоспарда бар. Бұл ретте, ауруды басқару моделіне сәйкес, денсаулық сақтау жүйесіндегі құлдырау (коллапс) кезінде тәулігіне 500 адам ауруханаға жатқызылуы мүмкін. Ал стационарлар 70% толық болғанда қатаң шектеу шараларын енгізу қажеттілігі туындайды.

"6000 төсек-орын болғандықтан біздің міндет тәулігіне ауруханаға түсетін адамдар санын 350-ден артыққа жеткізбеу. Бұл өте маңызды, өйткені егер ауруханаға түскен науқастар саны көбейген кезде уақтылы шаралар қабылданбаса, онда жүйе құлдырауы (коллапс) мүмкін. Яғни, ауруханаға түсетіндер саны күніне 500-ге дейін жетуі мүмкін, бұған біз жол бермеуіміз қажет. Бұл стационарлардағы біздің әріптестеріміз үшін ауыр жүктеме болмақ және төсек-орын  резервтері, әрине, шексіз емес", деп атап өтті Камалжан Надыров.

Стационарлардың қабылдау мүмкіндігін бақылау үшін ауруларды басқару моделі бойынша бір төсек ауысымы және бос төсек-орын қорының тұрақты мониторингі жасалады. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясы бар науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін төсек ауысымы айына 3 адам деңгейінде болуы керек.

Камалжан Надыров: "Стационарлар 70% пайызға толық болған кезде біз ауруханаға жатқызу деңгейін төмендетуге және ыңғайлы жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қатаң шектеу шараларын енгізуге мәжбүр боламыз. Бұл стационарлық деңгейде сапалы емдеу мүмкіндігін береді. Мұндай жағдайда шектеу шаралары ыңғайлы, бұл дегеніміз кәсібіміздің тұтастай жабылмауға, бірақ белгілі бір шектеулер жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік. Яғни, экономикалық белсенділікті қалпына келтіреді", дейді ол.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.