25 Қазан, 2013

Англияда улы өрмекшілер мектепті басып қалды

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 10-PaukАнглияның Лидней қаласындағы мектептердің бірін улы өрмекшілер басып қалып, соның салдарынан мекеменің жабылуына тура келді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Улы жәндіктерден оқушылар мен мектеп қызметкерлері зардап шеккен жоқ. Енді денсаулық сақтау басқармасының нұсқауымен, өрмекшілердің көзі толық жойылғанға дейін оқу орны уақытша жабылады. Жалпы, мамандар өрмекшілердің көптеп таралуына елдегі жылы ауа райының әсер еткенін айтады. Залалсыздандыру жұмыстары аяқтала салысымен, мектеп ашылады деп күтілуде.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар