Елорданың өзінде 30-ға жуық сауықтыру және демалыс кешендері жұмыс істейді. Әрі-сәрісі көп мына заманда демалыс кешендері қонақтарды қалай қабылдауда?

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары жыл сайын демалып, денсаулықтарын қалпына келтіру үшін жазды асыға күтеді. Жаһан жұртын әбігерге салған індеттің әлі басылар түрі жоқ. Соған қарамастан елорда тұрғындары денсаулықтарына жіті мән беріп, иммундық белсенділікті арттыру үшін арнайы шипажай немесе демалыс кешендеріне баруды жалғастыруда.
Қала маңындағы ірі демалыс орындарына Balqaragai, Green Park, Золотой фазан, Айша сынды кешендер кіреді. Мәселен, Balqaragai демалыс аймағында сыйымдылығы 30 адамға дейін жайлы бөренелі коттеджде орналаса аласыз. Демалыс кешені елорданың ақ қайыңды жасыл белдеуінде, қолдан жасалған орманда орналасқан.
Ал Қосшы кентінде, Нұра өзенінің бойында орналасқан қала сыртындағы Green Park аумағында жазғы күркелер, киіз үйлер, ипподром және тіпті шағын хайуанаттар бағы да бар. Солардың ішінде «Золотой фазан» туралы ауыз толтырып айту үшін аталған кешеннің басшысы Дархан Серікбайұлымен тілдескен едік.
– Біз демалыс орнымызды отбасылық көңіл көтеру аумағы ретінде дамыта отырып, аумақ көлемін барынша үлкейтуге тырыстық. Асфальтті және орманды, далалы соқпақ жолдармен серуендеуді ұсына аламыз. Демалыс аймағы 800-ден астам гектарды қамтиды. Бұл – оқшаулануға өте жақсы орын. Сондай-ақ қонақтарымыздың 100 метрге дейін арақашықтық сақтауын қамтамасыз етеміз. Демалуға арналған көптеген жеке алаң, жазғы мейрамхана, күрке (беседка), балық аулауға арналған пирс, терраса, көлдің қасында орналасқан коттедж немесе күмбезді үйшіктер мен киіз үйлер бар. Қылқан жапырақты орманда серуендеуге арналған соқпақтар да бар, – дейді Д.Серікбайұлы.
Сондай-ақ «Золотой фазан» кешені күншығыс елінің орман терапиясын тиімді емдеу әдістеріне алмастырып отыр. Мәселен, табиғи терапия әдісі. Бұл – өнеркәсіптік қаланың шуынан алыстатып, эмоциялық жайлылық беретін, табиғи дыбыстарға бағытталған. Келесі ғылыми туризм әдісі – көлдерде ұя салатын құстардың (жабайы қаздар, тырналар, аққулар, үйректер мен ондатрлар және т.б.) өмірін зерттеуге арналған табиғаттағы жұмыс. Осы арқылы ата-аналар балаларына орманда серуендеу кезінде тұрмыстық өмір сүру жағдайларын үйретеді.
Аталған демалыс орны айтулы іс-шаралар өткізетін алаң ретінде қызмет көрсетеді. Солардың қатарында, бұған дейін қала әкімдігінің «Жастар саясаты» бөлімінің бастамасымен елорда жастарына арналған коуч-тренингтер ұйымдастыратын.
– Жыл сайын Ақмола облысынан балаларды жазғы лагерьге алып барамыз. Облыстық әкімдік пен «Howard Roark» серіктестігімен бірлесе отырып, жазғы балалар лагерін ұйымдастырамыз. Бірінші карантин мерзімі аяқталғаннан кейін науқас балаларға көмек көрсету, қайырымдылық сапарлары мен жануарлармен таныстыру үрдісін қолға алдық, – дейді «Золотой фазан» ЖШС басшысы.
Бұдан бөлек, келушілерді қабылдайтын барлық объектілерде санитарлық-эпидемиялық нормалар негізіндегі талаптар қадағаланып отырады. Қонақтарға қатаң түрде бетперделер, антисептиктерді қолдану міндеттелген. Демалыс орнында жиі залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 00:18
Қоғам • Бүгін, 00:15
Экономиканың өсуіне нақты сектор үлес қосып отыр
Саясат • Бүгін, 00:12
Аймақтар • Бүгін, 00:11
Аймақтар • Бүгін, 00:10
Өзгермелі әлемдегі ынтымақтастық жолы
Саясат • Бүгін, 00:06
Жетінші съездің арқалаған жүгі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Йеменде жағдай тұрақталып келеді
Әлем • Бүгін, 00:02
Электр энергиясынан бас тарту кімге ұтымды?
Әлем • Бүгін, 00:00
Аштыққа ұшырағандар саны арта түсті
Әлем • Кеше
Аймақтар • Кеше
Энергетикалық тапшылық: Дағдарыс пен мүмкіндік
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Журналистика жампозы Омарғали Құдышев туралы бір үзік сыр
Қазақстан • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
Өсу мен өшудің арасы екі-ақ тармақ
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Абай оқулары: Хакім мұрасының жас зерттеушілері
Абай • Кеше
Жергілікті тұлғалар ескерусіз қала бере ме?
Қоғам • Кеше
Көршілермен байланыс артып келеді
Экономика • Кеше
Өнер • Кеше
Әйелін ұрып өлтірген түркістандық 17 жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
«ҚТЖ» филиалының қызметкерлері дизель отынын ұрлаған
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Елордада бірқатар көше уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Алматыда есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды
Оқиға • Кеше
Қаңтар оқиғасында 238 азамат қайтыс болды - Бас прокуратура
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Ұқсас жаңалықтар