Қоғам • 21 Тамыз, 2020

Адам көп жиналатын орындарда бақылау камералары интеграцияланды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Адам көп жиналатын орындарда бақылау камералары интеграцияланды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Адам көп жиналатын орындарда бақылау камералары интеграцияланды

iKOMEK жағдаяттық мониторинг орталығындағы бейнебақылау операторлары тәулік бойы елордадағы қауіпсіздік пен тәртіпті қадағалайды. Бейнебақылау камералары саябақтар, скверлер, мешіттер, автобус аялдамалары, вокзалдар және т.б. сияқты адам көп жиналатын орындарды қамтиды.

Сонымен қатар iKOMEK мониторинг орталығына елордадағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бақылау камералары интеграцияланды.

"Мәліметтер елорда тұрғындарымен және қонақтарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жедел түрде нысандардың басшылықтарына жіберіледі, бұл жұмысты біз елордада коронавирус инфекциямының таралуына жол бермеу мақсатында жүргіземіз", деді iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова. 

Естеріңізге сала кетейік, iKOMEK жағдаяттық орталығы 13 000-нан астам камераның көмегімен тәулік бойы бақылау жүргізуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция және Төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп, елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.