Аймақтар • 21 Тамыз, 2020

Атырауда жүк пойызы апатқа ұшырады

11746 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Апат айтып келмейді» деген рас-ау. Кеше, 20 тамызда таңғы сағат 5:00-де Индер ауданының аумағында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Оған машинистің ұйықтап қалуы себеп болған секілді.

Атырауда жүк пойызы апатқа ұшырады

«Индер-Теміржолы» ЖШС директоры Берік Ишанғалиевтың мәліметіне сүйенсек, Мақат стансасынан шыққан тепловозға 16 жүк вагонын тіркеліпті. Вагонның үшеуіне жүк тиеліпті.  Пойыз апатынан тепловоз машинисі  зардап шеккен жоқ.

Қазір аталған апаттың себебі тексеріліп жатыр.