Білім • 21 Тамыз, 2020

Мектеп оқулықтарында біраз кемшілік бар – А.Аймағамбетов

1410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде мектеп оқушыларына арналған оқулықтарда біраз кемшілік бар. Сондықтан оларды әзірлеудің жаңа жүйесі енгізілетін болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Республикалық "Тамыз" кеңесінің пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Мектеп оқулықтарында біраз кемшілік бар –  А.Аймағамбетов

"Оқулықтарды дайындаудың жаңа жүйесі толыққанды енгізілетін болады. Көптен бері бұл мәселе шешімін таппай келе жатыр. Біздің оқулықтарда көптеген кемшіліктің бар екенін мойындауымыз керек. Жалпы, оқулықтарды әзірлеу жүйесінің өзі жетіле қоймаған. Бірақ бұл тек баспалардың, авторлардың, я басқа  да топтардың кінәсі деп айтуға болмайды", деп атап өтті А.Аймағамбетов.

Соған орай Білім министрі бүкіл процесс қайта бағдарланғанын және жаңартылғанын тілге тиек етті.

"Оқулықтар бойынша жұмыс мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа және типтік жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес дайындалады. Әрі қарай авторларды сараптау, тестілеу, дайындап оқыту және басылымдағы жұмыс барысы пысықталып жатыр. Осы мінбердегі бизнес-үдерістердің барлығы жаңа форматта іске асырылатын болады", деп түйіндеді Білім министрі.

 

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.