Бұл жайында энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне арналған WEC-2013 22-ші Бүкіләлемдік энергетикалық конгрестің жұмысына қатысу мақсатында жүзеге асырылған қазақстандық делегацияның Оңтүстік Кореяға сапары аясында келісілген болатын.
Бұл жайында энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне арналған WEC-2013 22-ші Бүкіләлемдік энергетикалық конгрестің жұмысына қатысу мақсатында жүзеге асырылған қазақстандық делегацияның Оңтүстік Кореяға сапары аясында келісілген болатын.
Қазақстан энергетиктері делегациясының құрамында «Самұрық-Қазына» АҚ, «KEGOC» АҚ және KAZENERGY қауымдастығының өкілдері бар.
Энергия қауіпсіздігі мәселелерін талқылау үшін әлемнің 100-ден астам елінен келген әлемдік энергетика саласының 6 мыңға жуық жетекші өкілі жиналды. Конгреске қатысушылар әлемдік және аймақтық энергетиканы дамыту, көмір және атом энергетикасы мен энергия тиімділігін дамыту мәселелерін талқылады.
Іс-шара аясында Еуропалық энергетиканы дамыту мәселелері жөніндегі аймақтық отырыста еуропалық аса ірі 10 энергетикалық компанияның жетекшілері «Еуроодақ энергетикалық саясатының бағытын өзгертуге шақыру» атты үндеуі баршаға жария етілді. Аталған құжатта коммуналдық шоттардың көтерілуінен, электрмен қамтамасыз етуге сенімділіктің азаюынан және көмірсутегі шығарылымының артуынан қолданыстағы Еуроодақ энергетикалық саясаттың түбегейлі құлдырауына ерекше назар аударды. Бүгінгі күні Бельгияда, Чехияда және Португалияда орнатылған бүкіл қуатпен бара-бар болатын 51 гигаватт заманауи электр қуаты консервациялануына байланысты электрмен қамтамасыз етудің сенімділігіне үлкен қатер төніп тұр.
Энергетикалық компаниялардың басшылары «бұрынғы әлемдік тәртіптен» бас тартқанына ерекше назар аударып, тұтынушыларды қорғау мақсатында үйлестірілген жұмыс істеу қабілеті жоғары және жеңілдетілген жүйені қолдайтыны туралы баяндады.
Аталған бұл бастама орын алған жағдайды түзету бойынша – қайта жаңартылатын энергия көздерін тек нарық жағдайында ғана қолданысқа енгізу және демеу, қаржыдан бас тарту, жаңа құрылысқа қаражат бөлгеннің орнына қолданыстағы бәсекеге жарамды қуаттарды пайдалану, сондай-ақ, Еуроодақта көміртегі нарығын нығайтуға нақты шаралар ұсынады.
Сонымен қатар, кореялық әріптестермен қол жеткізген келісімдер тізіміне тағы да бір маңызды тармақ енгізілгенін де айта кету орынды. Ол – 2014 жылы Астана экономикалық форумының аясында Әлемдік энергетика жетекшілерінің саммитін өткізу. Бұл туралы Бүкіләлемдік энергетикалық кеңестің бас хатшысы Кристоф Фрай мырза мен қазақстандық делегацияның жетекшісі «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы, осы кеңестің Қазақстандық комитетінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев тиісті келісім жасады.
– Біз үшін бұл қосымша жауапкершілік. Сондықтан да біз саммитті ұйымдастыруға тиіспіз және оны аса жоғары деңгейде өткізуіміз керек, – деп мәлімдеді «Самұрық-Энерго» басшысы.
Жалпы алғанда, Қазақстан мен Кореяның мемлекеттік және бизнес-құрылымдарының өзара іс-әрекет жасауының жоғары деңгейі екі елдің қазіргі кездегі даму сатысының стратегиялық ынтымақтастық ауқымымен дәлелденеді. Бұл туралы қазақстандық тараптың атынан «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиевтың төрағалығымен 18 қазанда өткен Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысқан мамандар да сөз қозғады.
Екі елдің 140-тан астам іскер өкілдерінің қатысуымен өткен форумның жұмысы кезінде тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту болашағын, әртүрлі саладағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін, соның ішінде энергетиканы, энергияның қайта жаңартылатын көздерін, теміржол көлігін, технологиялар мен инновацияларды, энергия тиімділігін, қаржылық саланы, ауылшаруашылық, медицина, логистика, машина, құрал-жабдық жасау саласын, мұнай мен газ-химия салаларын және мәдени ынтымақтастық орнату мен мамандар дайындау мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының басшыларын Samsung Адам ресурстарын дамыту орталығында оқыту туралы келісімге қол жеткізілді.
Қазақстан делегациясының құрамында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ холдингіне кіретін, атап айтқанда «Қазақстан темір жолы» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Самұрық-Қазына Инвест» АҚ, «СҚ-Фармация» ЖШС, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары да бар. Сонымен қатар, форумға Қазақстан экономикасының жекеменшік секторының, даму институттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысты.
Іскерлік кеңестің аясында Балқаш ЖЭС құрылысын одан әрі белсендіре түсу қажеттілігі туралы келіссөздер жүргізілді. 2013 жылғы 10 қазанда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кеңейтілген пленарлық отырысында Балқаш жылу электр стансасының құрылысы жобасы бойынша Үкіметаралық келісімге хаттаманы ратификациялау туралы Қазақстан Республикасы заңының жобасы мақұлданғаны белгілі. Ал Мемлекет басшысы аталған мәселе бойынша бірқатар нақты тапсырмалар да берді.
Бүгінгі күні Қазақстанда Корея капиталының қатысуымен 300-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін еске түсіре кетейік. Біздің мемлекеттеріміз арасындағы тауар айналымы 1 миллиард АҚШ долларынан асып жығылады, ал Корея инвесторларының Қазақстан экономикасына салған инвестициясының жалпы көлемі қазіргі кезде 8 миллиард доллардан артық болып отыр.
Динара АРОВА.