Аймақтар • 22 Тамыз, 2020

Алматыдағы мобильді жылжымалы пункттер қалай жұмыс істейді?

194 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімдігі халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуге, әсіресе жастардың жұмысқа орналасуына ерекше көңіл бөліп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы мобильді жылжымалы пункттер қалай жұмыс істейді?

Осы мақсаттар үшін Алатау ауданының Нұркент шағын ауданында (Атлетикалық ауыл) қала халқын Жұмыспен қамту орталығы, Атамекен ҰКП және мобильді жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған Жастар ресурстік орталығы қызмет етуде.

18 тамыздан бері Алатау ауданының Жастар ресурстық орталығының базасында мобильді жылжымалы пункт қызмет етеді, онда жастар жұмысқа тұру сұрақтары бойынша кеңес ала алады.

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Әсел Бисенбаева хабарлағандай, аталған пунктте аудан тұрғындарына жұмысқа тұру, гранттар туралы ақпарат алу, барлық бағдарламалар жөнінде кеңес беру түрінде қолдау көрсетіледі.

Осы жылдың 3 шілдесінен бастап Алматыда жастар ресурстық орталығы өз жұмысын бастады. 18 тамыздан бастап, Орталық базасында қаланың барлық аудандарында мобильді жылжымалы пункт жұмыс істейді. Онда жастар жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес ала алады.

"Жастар инновациялық және шығармашылық әлеуетке ие халықтың белсенді тобы, алайда өз жастарының күшіне қарамай осы немесе басқа салаларда кәсіби қызметте тәжірибелері жеткіліксіз болып жатады. Сол себепті жұмысқа тұру, жастардың еңбек нарығында кәсіби тұрғыда бәсекеге қабілеттіліктерін қолдау және дамыту мәселелері маңызды және стратегиялық басымдық болып табылады", деп атап өтті Ә. Бисенбаева.

"Алматы қаласының әкімдігі халықты, оның ішінде жастарды жұмыспен қамту мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөледі. Жастар халықтың экономикалық белсенді бөлігі болып табылады. Шығармашылық әлеуетке ие, бірақ өз жасына байланысты практикалық тәжірибесі жоқ. Сондықтан жұмысқа орналастыру, жастардың нақты қабілеттерін дамыту мәселесі маңызды стратегиялық бағыт болып табылады. Ол үшін "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жоғары және орта оқу орындарының түлектеріне алған мамандықтары бойынша практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік береді", деді А.Бисенбаева.

Оның айтуынша, бұл жерде "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы маңызды орында. Аталған бағдарлама аясында жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектердің алған мамандықтары бойынша практикалық тәжірибе алулары үшін айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.

Алатау ауданында 5 күнгі жұмыс кезінде жастардың жұмысқа орналасуы бойынша жылжымалы пунктке 200-ден астам адам келген. Барлығына түсіндіру жүргізілген, олардың нәтижесі бойынша 85 адам қоғамдық жұмыстарға орналасуға тілек білдірген, және 50-ге жуығы жастар тәжірибесіне жолдама алу үшін Жұмыспен қамту орталығына барған. Жалпы, Алатау ауданында жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталығы арқылы 2500-ден астам жұмысқа орналасқан, соның ішінде жастар тәжірибесіне.

"Жастар практикасына дипломы бар жасы 29-ға дейінгі және оқу орнын соңғы үш жыл көлемінде бітірген азаматтар қатыса алады. Жас мамандар тәжірибені өндірісте, мемлекеттік органдарда, қаржылық құрылымдарда, білім беру және медицина ұйымдарында ала алады", деп толықтырды Ә. Бисенбаева.