Аз ғана уақыттан ПСЖ мен «Бавария» Чемпиондар лигасының кубогын сарапқа салады. Бұл ойынға Мбаппе 100 пайыз дайын емес, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі финалда екі неміс жаттықтырушысы – Томас Тучель (ПСЖ) мен Ханс-Дитер Флик («Бавария») бетпе-бет келеді. Ойын алдындағы баспасөз мәслихатында «Баварияның» бас жаттықтырушысы орталық қорғаушы Боатенгтің кездесуге қатыспауы мүмкін екенін және кездесуге 100 пайыз дайын екендіктерін айтты. «Біз өзіміздің ең жақсы ойынымызды көрсетуге дайынбыз. Егер бабымыз бен бағымыз қатар жанса және әр ойыншы бар күш-жігерін 100 пайыз жұмсар болса, бұл матчта жеңе аламыз», деді Флик.
«ПСЖ» командасының бас бапкері Томас Тучель Верратти мен Мбаппе бұл ойынға 100 пайыз дайын емес, сондықтан олар негізгі құрамға шықпай қалуы мүмкін екенін айтты. «Мен «Баварияның» бізге қарағанда басымдыққа ие екенін білеміз, өйткені олар мұндай финалда ойнаған. Бірақ бұл көрсеткіш бүгінгі кеште ештеңе шешпейді», деді Тучел.
Статистика:
- ПСЖ мен «Бавария» Чемпиондар лигасы аясында 8 матч өткізді.
- Бір қызығы, қарсыластар тең ойнамапты.
- Француз клубының есебімен 5 жеңіс, мюнхендіктерде 3 жеңіс.
- 8 матчтың барлығы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өткен.
- Гол соғу жағынан ПСЖ сәл ғана басымдық танытыпты – 12:11.
- Соңғы «шайқас» 2017/18 топтық кезеңінде өткен. ПСЖ өз алаңында 3:0 (Алвес, Кавани және Неймар гол соқты) есебімен ойсырата жеңсе, Мюнхенде «Бавария» – 3:1 (Левандовски, Толиссо екі доп соқты) есебімен басым түсті.
- ПСЖ ешқашан Чемпиондар лигасын жеңіп алған жоқ. Егер бағы жанса, онда кубокты жеңіп алған 23-ші команда болады.
- Биылғы Чемпиондар лигасында ПСЖ 8 мәрте жеңіске жетті, 1 рет тең түсті және 1 жеңіліске ұшырады, гол айырмашылығы 25:5;
- «ПСЖ» А тобында бірінші орынға ие болды. «Боруссияны» – 1/8, «Аталантаны» – 1/4 және «Лейпцигті» – ½ финалда жеңіп шықты;
- Чемпиондар лигасының соңғы бес матчында ПСЖ 4 рет жеңіске жетіп, 1 рет тең түсті;
- Өткен маусымда ПСЖ Чемпиондар лигасының 1/8 финалында жарыс жолынан шығып қалды;
- ПСЖ командасының Чемпиондар лигасындағы ең жоғары нәтижесі ол – жартылай финал (1994/95);
- «Бавария» Чемпиондар лигасын жеңіп алса, онда кубокты 6 мәрте басына көтерген «Ливерпульді» қуып жетеді.
Бұл француз және неміс клубтарының арасындағы Чемпиондар лигасының екінші финалы. Бұған дейін 1976 жылы «Бавария» «Сент-Этьеннен» басым түскен еді.
- Осы маусымда «Бавария» Чемпиондар лигасындағы барлық 10 матчта жеңіске жетіп, 42:8 гол айырмашылығымен рекорд орнатты;
- «Бавария» В тобында бірінші орынды иеленді. «Челсиден» – 1/8, «Барселонадан» – 1/4 және «Лионнан» – ½ финалда басым түсті;
- «Бавария» өткен жылы Чемпиондар лигасын ширек финалдан аяқтады;
- «Баварияның» Чемпиондар лигасының 5 дүркін жеңімпазы (Соңғы рет 2013 ж.);
ПСЖ құрамында футбол «жұлдыздарының» барына қарамастан, «Баварияда» кубокты жеңіп алу мүмкіндігі көп. Букмекерлік кеңселер «Баварияның» жеңісіне көбірек сенімді. Бірақ олардың «сәуегейлігі» көбінесе орындалмай жататынын тағы естен шығармағанымыз абзал.
ПСЖ – «Бавария»
23 тамыз. Лиссабон. «Эстадиу да Луз» стадионы. 00:50.
Төреші – Даниэле Орсато (Италия).
Көрсетілім – «Qazaqstan» телеарнасы.

"Бавария" сапында алаңға шығуы мүмкін футболшылар

ПСЖ сапында алаңға шығуы мүмкін футболшылар
«Ясауи ізімен» экспедициясының көкжиегі кеңейеді
Руханият • Кеше
Тариф тұрғындарды тығырыққа тіремеуі тиіс
Қазақстан • Кеше
Ресей президентінің кезекті жолдауы
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Президенттік институт – пәрменді билік
Елбасы • Кеше
Өзегіне ұлт мінезі ұялаған «Салтанат»
Өнер • Кеше
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
Тоқішек пен тікішек обырларына шалдыққандар неге көбейді?
Медицина • Кеше
Екпе салдырушылар саны артып келеді
Аймақтар • Кеше
Дәрігерге «құрылысшы» киімі сатып алынғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
АҚШ санкциясы Қазақстанға әсер ете ме?
Қазақстан • Кеше
Ақтоғайдан Алматыға, одан кейін Бордо...
Спорт • Кеше
Қоғамдық кеңестердің өкілеті едәуір артады
Қазақстан • Кеше
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Семейде 18 мектеп карантинге жабылған
Білім • Кеше
Ауылдарға ауыз судың жетуін Nur Otan бақылайды
Қоғам • Кеше
Қазақстанның Исландиядағы жаңа консулы таныстырылды
Саясат • Кеше
Адам өліміне қатысы болған экс-әкім қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасын талқылауға ұсынды
Қазақстан • Кеше
Сауран ауданына алғашқы әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атыраудың ауылдарына таза ауыз су жеткізуді тапсырды
Аймақтар • Кеше
Президент Атыраудағы денсаулық сақтау нысандары ескіргенін айтты
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында 37 жаңа мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Жол саласындағы мәселелерді кешенді түрде шешу қажет
Президент • Кеше
Президент Сарайшық қаласындағы туристік саланы дамытуды тапсырды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Атырау облысында медицина мамандары жетіспейді
Медицина • Кеше
Жол салатын мердігерге талап қатаң болуға тиіс – Президент
Президент • Кеше
Жалақысы көп өңірлер анықталды
Қаржы • Кеше
Жамбыл облысында көлік ұрлығы 40 пайызға азайған
Аймақтар • Кеше
Отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы пайдалануға берілді
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы: Қашаған кен орнын толық игеру керек
Президент • Кеше
СҚО-да өртенген саяжайдан ер адамның денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда биыл жеке тұлғалардан 5,3 млрд теңге көлік салығы түсті
Аймақтар • Кеше
Ұлт тарихтын зерделеудің бүгінгі ұстанымы
Тарих • Кеше
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Жол сапасы ішкі туризмнің дамуын тежеп келеді – Сенат депутаты
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар