Оқиға • 24 Тамыз, 2020

Госпитальге COVID-19 індетімен түскен соңғы науқас емделіп шықты

133 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Әскери госпитальге коронавирус инфекциясымен түскен соңғы науқас емделіп шықты. Ол – 59 жастағы Галина Жукова.

Госпитальге COVID-19 індетімен түскен соңғы науқас емделіп шықты

«Қорғаныс министрлігі Әскери клиникалық госпиталінің бүкіл ұжымына жүргізген ем үшін алғы­сымды білдіремін. Дәрігерлер мен медициналық персоналдың жоғары білікті маман екендігі  және жақсы дайындықтары көрініп тұрды. Әскери дәрігерлердің науқастарға деген қамқорлығы, жақсы күтімі мен ізгі қарым-қатынастары да байқалды. Дәрі-дәрмектер толық көлемде және үзіліссіз берілді. Тамақтану да түрлі әрі құнарлы болды», деп өз ойымен бөлісті емделуші.

Жалпы, әскери госпитальде 800-ге жуық адам, оның ішінде әскери қызметшілер емделіп шықты. Шамамен 40% науқас сыр­қаттың ауыр белгісімен қабыл­данған, сонымен қатар науқас­тардың жартысынан көбі корона­вирустық инфекциядан бөлек қан айналымы жүйесі, тыныс алу органдары, эндокриндік патоло­гия секілді сыр­қаттары бар егде жас­тағы адамдар болды. Әскери дәрігерлердің алдында міндеттер­дің бірі ретінде індеттің асқынуын алдын алу және емдеу жүргізу еді.

«Біздің госпиталь эпидемияға қарсы қатаң режімде жұмыс істеу бойынша үлкен тәжірибе жинады. Медициналық персонал аталған патологиясы бар науқастармен жұмыс істеуге дайын, дәрігер­лер мен медбикелер өздерінің міндеттерін жақсы біледі, талап етілетін қауіпсіздік шараларын сақтап, сонымен қатар түрлі күтпеген жағдайларда әрекет етуге әзір. Біз тәулік бойы жұмыс атқардық. Барлық дәрігерлер мен медбикелер аса жоғары кәсі­биліктерін көрсетіп, танытқан қайсарлықтарының арқасында біз індетті жеңе білдік. Бүгін біз соңғы науқасты емдеп шығардық, бұл барлық медициналық персонал үшін үлкен қуаныш», деді Алматы қаласы Әскери клиникалық госпи­талінің бастығы Самат Сәрсенбаев.

Әскери-медициналық мекеме бастығының айтуынша, госпи­тальдің материалдық-техни­калық базасы науқастардың орналасуы мен тамақтану мәселе­лерімен қоса алғанда емдік-диагностикалық процесті толық көлемде жүргізуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, 3 тамыздан бастап Ресейден келген әскери дәрігерлермен бірлескен жұ­мыс басталды. COVID-19 індеті­нен емдеу мен тәжірибе алмасу бо­йынша біршама мәселелер пысық­­талды.

Айта кету керек, көптеген әскери медициналық мекемелер коронавирус індеті анықтал­ған науқастарды емдеуге және оқ­шаулауға қатысатын емдік-про­фи­лактикалық мекемелер тізі­міне енгізілген болатын. Меди­цина­лық мекемелер каран­тиндік, про­ви­зорлық және инфек­ция­лық стационарлардың талаптарына сәйкес қайта құрылған болатын.