Әлем • 24 Тамыз, 2020

Аустрияда ұшатын таксилер сынақтан өтуде

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустрияның Линц қаласында қоғамдық көлік жүйесі аэротаксимен, яғни әуеде ұшатын рейстік көліктермен толықтырылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Аустрияда ұшатын таксилер сынақтан өтуде

Арнайы инфрақұрылым 2021 жылы қолдануға берілмек. Аэротакси тек жолаушыларды тасымалдап қоймай, жүк тиемелерін де жеткізетін болады. Сынақтан өткізу барысы халық қоныстанбаған аймақта және жолаушыларсыз тәжірибеден өтеді. Алғашқы тікұшақ айлағы Дунайдың екі жағалауында пайда болады деп жоспарланып жатыр.

Линц қаласы – Аустриядағы тұрғындар саны бойынша үшінші орында. Онда халықтың 200 мыңнан астамы шоғырланған. Тұрғындардың басым көпшілігі қала маңында қоныстанған. Жоба ұйымдастырушыларының пікірінше, аэротаксиді сынақтан өткізу үшін осы аймақ қолайлы болатынын атап өтті.

Линцте пайда болатын EHang 216 аэромобильдерін австриялық және қытайлық инженерлер бірлесіп әзірледі. Кабинада екі жолаушыға арналған орын бар. Сондай-ақ 260 келі жүк тией алады. Ал дизайны алып квадрокоптерге ұқсайды.

Аэротакси сағатына 150 шақырымға дейін жылдамдықпен ұша алады. EHang 216 алғашқы сынақ рейстері 2019 жылы Вена орталығындағы футбол алаңында өтті. Сол кезде аэротакси жолаушылармен бірге әуеге көтеріліп, стадионды айналып ұшқан еді.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.